Сарлық — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, Амангелді ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ұлытау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 774 адам (400 ер адам және 374 әйел адам) болса, 2009 жылы 524 адамды (280 ер адам және 244 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 352 адамды (185 ер адам және 167 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1957 жылы қой өсіретін Амангелді атындағы кеңшардың құрылуына байланысты қаланған. Ауылда 1996 жылдан кеңшар негізінде құрылған шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы елді мекендері