Боран Айтмағамбетов (1901 жылы, бұрынғы Орал облысы, Гурьев оязы, Сарыкөл болысы – 1938 жылы) — қайраткер, саяси қуғын - сүргін құрбаны.
Мәскеу қаласындағы кәсіподақтар орталық кеңесінің жоғарғы мектебінде оқыған (1929–1930 жылдары). 1914–1927 жылдары Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындарында, Еділ - Каспий мемлекеттік балық тресті кәсіпшілігінде, “Ембімұнай” темір жол құрылыстарында қызмет атқарды. 1927–1929 жылдары Қызылорда қаласында тау - кен жұмысшылары кәсіподағы Орталық басқармасы төрағасының орынбасары, қалалық комитетінің мәдени бөлімін басқарды. 1930–1933 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің бюро мүшесі және Қазақ АКСР Әділет комиссары, 1933–1935 жылдары Гурьев округ атқару комитетінің төрағасы, БК(б)П Орал облысы көрнекті өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, 1935–1937 жылдары Казталов ауданың комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды. Саяси қуғын - сүргін құрбаны. 1958 жылы сәуірде ақталды. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Санат:1901 жылы туғандар Санат:Сарыкөл ауданында туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан әділет министрлері Санат:Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Казталов аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері