КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КСРО МҚК) () — 1954 жылдан бастап 1991 жылға дейін жұмыс істеген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқарудың орталық одақтық-республикалық органы.

Құрылған күннен бастап 1990 жылдың 14 наурызына дейін КОКП ОК тікелей басшылығы мен бақылауында болды.

1991 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Вадим Бакатиннің басшылығымен комитет КСРО Республикааралық қауіпсіздік қызметі болып қайта құрылды.

Атқарымдары МҚК-нің негізгі атқарымдары: сыртқы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, КСРО мемлекеттік шекарасын қорғау, КОКП (1990 жылға дейін) және КСРО Үкіметі басшыларын қорғау, үкіметтік байланыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлтшылдыққа, өзгеше көзқарасқа, қылмысқа және антикеңестік әрекеттерге қарсы күрес жүргізу. Сондай-ақ МҚК міндетіне КОКП Орталық комитетін (1990 жылдың 14 наурызына дейін) және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын қамтамасыз ету мен мемлекеттік қауіпсіздігі мен қорғанысына, Кеңес Одағының әлеуметтік-экономикалық жағдайына және кеңес мемлекеті мен коммунистік партияның сыртқы саясаты мен сыртқы экономикалық қызметінің мәселелеріне әсер ететін КСРО ақпаратын басқару кірді.

КСРО МҚК жүйесіне КСРО республикаларының аумағында мемлекеттік қауіпсіздіктің он төрт республикалық комитеті; автономиялық республикалардағы, өлкелердегі, облыстардағы, жекелеген қалалар мен аудандардағы, әскери округтердегі, әскердің құрамалары мен бөлімшелеріндегі, әскери-теңіз және ішкі әскерлердегі, көліктегі жергілікті мемлекеттік қауіпсіздік органдары; шекара әскерлері; мемлекеттік байланыс әскерлері; әскери қарсы барлау органдары; оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері; сондай-ақ кеңестік мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың «бірінші бөлімдері» деп аталатындар кірді.

Әртүрлі жылдары МҚК орталық мемлекеттік органдар жүйесінде әртүрлі ресми атаулар мен мәртебеге ие болды:

Толық атауыҚысқармасыМәртебесіЖылдары«КСРО Министрлер Кеңесі құрамындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті»МҚКминистрлік құқығы бар мекеме1954 жылы 13 наурыз — 1978 жылы 5 шілде«КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті»КСРО МҚКмемлекеттік комитет1978 жылы 5 шілде — 1991 жылы 1 сәуір«КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті»КСРО МҚКМинистрлік құқығындағы мемлекеттік басқарудың орталық органы1991 жылы 1 сәуір — 3 желтоқсан

Тарихы

МҚК құрылуы КСРО Ішкі істер министрлігінің «жедел күзет басқармалары мен бөлімдерін»Из записки МВД СССР в Президиум ЦК КПСС 4 февраля 1954 г. Источник: Коммерсантъ Власть : журнал. № 4 (808). 2 февраля 2009 г. дербес бөлімге бөлу туралы бастама 1954 жылы 4 ақпанда КОКП Орталық комитетіне тиісті ұсыныспен ресми жазбахат берген ішкі істер министрі Сергей Кругловқа тиесілі. С.Кругловтың ұсыныстары КОКП ОК төралқасының 1954 жылғы 8 ақпандағы отырысында талқыланып, министр ұсынған атаудан – «КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік жөніндегі комитеті» дегенде «жөніндегінің» алынып тасталуын қоспағанда, толық мақұлдандыПостановление Президиума ЦК КПСС «Об образовании Комитета государственной безопасности при Совете Министров СССР» .

Бір айдан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1954 жылғы 13 наурыздағы Жарлығымен КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті құрылды. Жаңа комитеттің құрамына КСРО Ішкі істер министрлігінен бөлінген мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын басқармалар, қызметтер мен бөлімдер кірді. Комитет төрағасы болып бұрынғы КСРО ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник И.А. Серов тағайындалды. Сол жылдың 26 сәуірінде МҚК төрағасы КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына кіргізілдіs:Закон СССР от 26.04.1954 Об утверждении Указов Президиума Верховного Совета СССР.

Бір қызығы, МҚК өзінен бұрынғы – КСРО МҚМ мен ІІМ болған мемлекеттік басқару орталық органы ретінде емес, тек КСРО үкіметінің қарамағындағы мекеме мәртебесінде ғана қалыптасты. Кейбір тарихшылардың пікірінше, мемлекеттік органдардың иерархиясындағы МҚК мәртебесінің төмендеуіне елдің партиялық және кеңестік басшыларының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметін толығымен коммунистік партияның аппаратына бағындыра отырып, дербестігінен айыруға ұмтылуы себеп болдыПожаров, А. И. Некоторые аспекты деятельности органов безопасности СССР в 1950-е — первой половине 1960-х годов // Исторические чтения на Лубянке. 1997 год. Российские спецслужбы: история и современность. — Москва: Великий Новгород, 1999. с. 42-48.. Алайда, МҚК төрағалары ел үкіметіне қарасты мекемелердің бастықтары әдетке айналғандай КСРО Министрлер Кеңесінің актілерімен емес, министрлер мен мемлекеттік комитеттердің төрағаларына жасалғандай КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлықтарымен тағайындалды.

1950-жылдары Құрылғаннан кейін бірден дерлік МҚК И.В.Сталин қайтыс болғаннан кейін басталған қоғам мен мемлекетті сталинсіздендіру үдерісіне байланысты үлкен құрылымдық қайта құруға және қызметкерлер санының қысқаруына ұшырады. Ресей Федерациясы Мемлекеттік мұрағатының құпиясыздандырылған құжаттарынан 1950 жылдары МҚК қызметкерлерінің саны 1954 жылмен салыстырғанда 50%-дан астамға қысқарғаны белгілі болды. 3500-ден астам қалалық және аудандық аппараттар таратылды, кейбір жедел және тергеу бөлімшелері біріктірілді, тергеу басқармалары мен жедел бөлімшелердегі бөлімдер таратылып, бірыңғай тергеу бөлімшелеріне біріктірілді. Көліктегі МҚК-ның арнайы бөлімдері мен органдарының құрылымы айтарлықтай жеңілдетілді. 1955 жылы 7,5 мыңнан астам қызметкер одан әрі қысқартылды, ал 8 мыңға жуық МҚК офицері азаматтық қызметші лауазымына ауыстырылды.

1956 жылы МҚК офицерлері Мажарстандағы көтерілісті басып, оған қатысушыларды қудалауға белсене қатысты. МҚК төрағасы И.А.Серов Бас штаб бастығының орынбасары М.С.Малининмен бірге КОКП ОК басшыларымен бірге Мажарстандағы жағдайды бағалау үшін Будапештке барды. КСРО Қорғаныс министрлігі әзірлеген «Құйын» операциясы кезінде МҚК қызметкерлері Мажарстанның қорғаныс министрі генерал-лейтенант Пал Малетерді тұтқындады. Бұл Мажарстанның әскери басшылығын бейтараптандыруға және кеңес артиллериясының, танкі және жаяу әскерлерінің көтерілісті тез басып, Мажарстанда КСРО-ға адал Кеңес өкіметін қалпына келтірудегі табыстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Көтеріліс басылғаннан кейінгі алғашқы күндерде МҚК-ның көмегімен Мажарстанның арнайы қызметтері 5 мыңға жуық мажарды – мажар партияларының белсенділерін, әскери қызметкерлер мен студенттерді тұтқынға алып, олардың 846 кеңес түрмелеріне жіберілді. Кейбір деректерге қарағанда, қамауға алынғандардың 350-ге жуығы кейін өлім жазасына кесілді, оның ішінде Мажарстан премьер-министрі Имре Надь та бар еді. Көтерілістерді басу операциясына қатысқаны үшін МҚК төрағасы Серов 1-дәрежелі Кутузов орденімен марапатталды. КСРО-ның Мажарстандағы елшісі Ю.В.Андроповтың көтерілісті басудағы белсенді рөлін атап өту керек; Андроповқа бұл тәжірибе кейінірек, МҚК төрағасы ретінде 1968 жылы Чехословакиядағы «Дунай» операциясы кезінде кеңестік мемлекеттік қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін басқаруға мәжбүр болған кезде пайдасын тигізді.

И.А.Серов КСРО Бас штабының Бас барлау басқармасының бастығы қызметіне ауысқаннан кейін 1958 жылы 25 желтоқсанда КОКП ОК одақтық республикалар бойынша партия органдары бөлімінің бұрынғы меңгерушісі А.Н.Шелепин МҚК төрағасы болып тағайындалды, ол оның құрылымын жеңілдету және қызметкерлер санын қысқарту мақсатында МҚК аппаратында бірқатар түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырды.

1959 жылы 9 сәуірде МҚК құрылғаннан кейін 5 жыл өткен соң қатаң құпия түрде «КСРО Министрлер Кеңесі қарамағандағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті туралы ереже» бекітілді, онда Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ел үкіметінің қарамағындағы министрлік құқығы бар мекеме мәртебесі бекітілді, сондай-ақ МҚК КОКП Орталық Комитеті Төралқасы мен КСРО Үкіметіне бағынысты болып құрылды.

«Капиталистік елдердің қайраткерлері, аса қауіпті шетелдік барлау қызметкерлері, антикеңестік эмиграциялық ұйымдардың жетекшілері және Отанын сатқандары арасынан шыққан Кеңес Одағының ең белсенді және жауыз жаулары» деп партия органдары мен кеңестік арнайы қызметтермен таныған тұлғаларға қарсы ел аумағында және одан тыс жерлерде жеке террорлық әрекеттерді білдіретін «белсенді әрекеттер» деп аталатындарды жүргізу саласында МҚК өзінен бұрынғылардың – П.А.Судоплатовтың жетекшілігімен шетелде диверсиялық жұмыстар жүргізу бойынша КСРО МҚМ №1 бюросы және В.А.Дроздовтың басшылығымен КСРО аумағында арнайы тапсырмаларды орындау жөніндегі №2 бюросы тәжірибесін жалғастырды. Мұндай операциялар МҚК-ның Бірінші бас басқармасына жүктелді. Сонымен, 1959 жылы қазанда украин ұлтшылдарының жетекшісі Степан Бандера Мюнхенде МҚК агенті Богдан Сташинскийдің қолынан қайтыс болды. УҰҰ-ның тағы бір көшбасшысы – Л.Ребеттің басына да осындай тағдыр түсті. Бұған дейін 1957 жылы ХЕО жетекшілерінің бірі Георгий Околовичті өлтіруді жоспарлағаны туралы ашық мәлімдеме жасағаннан кейін Батыста қалған бұрынғы кеңестік барлау қызметкері Н.Хохловты жою әрекеті жасалған болатын. Хохлов радиоактивті изотоппен (таллий немесе полоний) уландырылды, бірақ аман қалды.

1960-жылдары 1961 жылы желтоқсанда КОКП ОК бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтің бастамасымен А.Н.Шелепин КОКП ОК хатшысы болып партиялық жұмысқа ауыстырылды. МҚК басшылығын В.Е.Семичастный, Шелепиннің БЛКЖО ОК жұмыстары бойынша бұрынғы әріптесі қабылданды. Семичастный өзінен бұрынғы МҚК құрылымдық қайта құру саясатын жалғастырды.

МҚК-нің 4, 5 және 6 бөлімдері Ішкі қауіпсіздік және қарсы барлау бас басқармасына (2-бас басқарма) біріктірілді. Дипломатиялық корпусты қорғаумен және сыртқы бақылаумен айналысатын 7-басқарманың қанатының астында 2-бас басқарманың тиісті атқарымдық бөлімшелері өтті. 3-бас басқарманың мәртебесі басқарамаға дейін төмендетілді. Тиісті құрылымдық өзгерістер одақтық және автономиялы республикалардың МҚК органдарында, өлкелер мен облыстарда да болды. 1967 жылы қалалар мен аудандардағы уәкілетті аппарттары қалалық және аудандық бөлімдер мен МҚК-МҚКБ-МҚКБөл бөлімшелері болып қайта құрылды Көптеген құрылымдық байланыстарды қысқарту нәтижесінде Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің аппараты тиімдірек жұмыс істей бастады, ал 1967 жылы МҚК жаңа төрағасы Ю.В.Андроповтың бастамасымен соңғы екі онжылдықта диссиденттермен күрес жөніндегі бесінші басқарма МҚК келесі кезеңде кеңестік жүйенің қарсыластарымен күресуге дайындығын арттырды.

1962 жылдың жазында МҚК ресурстары Новочеркасск қаласындағы Новочеркасск электровозқұрылыс зауыты жұмысшыларының ереуілін басу операциясына тартылды. Мәліметтерге қарағанда, мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері ереуілшілерді өлім жазасына кесуге жеке қатыспаған, бірақ олар «тәртіпсіздікті қоздырушыларға» тыңшылық жасап, оларды қамауға алуда белсенді рөл атқарған. Ереуіл белсенділері МҚК қызметкерлері мен құпия тыңшылары түсірген фотосуреттер арқылы анықталып, бандитизм, тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және кеңестік режимді құлатуға әрекет жасады деген айыптармен сотқа тартылды. Ереуілге қатысқан жеті қатысушы өлім жазасына кесіліп, атылды, қалғандары қатаң режимдегі колонияда ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.