Сарытау – Кішітау тауларының солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Боздақ ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 530 м. Бойлық бағытта созылып жатқан таудың жалпы ұзындығы 8 км, енді жері 4,5 км. Біршама көтеріңкі келген орта тұсының беткейлері тіктеу, төменде жайпақ дөңесті келген. Солтүстік етегінде жауын-шашыннан уақытша пайда болған шұқанақтар (жырмалар) кездеседі. Батысында бұлақ көздері бар. Оңтүстігінде Балабай бейіті орналасқан.
Өсімдігі Атырабының қиыршықтасты сұр, сортаңды сұр топырағында жусан, баялыш, бұйырғын, ебелек, изен, т.б. шөптесіндер өседі. Сарытау мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары