Солтүстік Ақтау жотасы – Маңғыстау тауларының солтүсік бөлігіндегі жота.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау жəне Түпқараған аудандарының жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 322 м (Күш тауы). Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері 13-15 км. Көлденең тізбектеле жатқан жоталардан, ойпаңдардан тұрады. Жотада мегаантиклиналының қанаттарына сəйкес келетін куэсталар кездеседі. Жота басқа тауларға қарағанда қатты тілімденген жəне биіктеу. Терең жыралармен, тік жарқабақтармен ерекшеленген. Терең жыралардың бойында Басшорым, Сарынияз, Ақтам, Бөлісу, Қақпақты құдықтары мен бұлақтары бар.
Геологиялық құрылымы Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Геологиялық құрылымы пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, əктас жəне конгломерат жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Тау жоталарында тасбұйырғын, жусан басым өседі. Жыл бойы мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы таулары Санат:Түпқараған ауданы таулары