Қарағанды – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік-батысындағы тау. Саумалкөл көлінің батысында 10 км жерде орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, ені 10 км шамасында. Абсолюттік биіктігі 871 м.

Жер бедері, геологиясы Оңтүстік-батысында тау біртіндеп ұсақ шоқылы жазыққа ұласады. Төменгі және ортаңғы девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, боз, селеу, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары