Қаратақыр – Қалба жотасының оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінің оңтүстігінде 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 758 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейлері көлбеу, бірнеше ірілі-ұсақты шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Желдіқара, шығысында Жұмағұл, оңтүстігінде Қандығатай таулары орналасқан. Батысынан Терісайрық өзені ағып өтеді.
Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында боз, селеу, бетеге аралас астық тұқымдастар, өсімдіктер, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары