Хавьер Педро Савиола (; 11 желтоқсан 1981Тransfermarkt.com, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, футзалшы, шабуылшы. 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.
Карьерасы
Клубтық 2001 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік мергені және үздік футболшысы атанған соң, "Барселона" 36 млн еуроға "Ривер Плейттен" сатып алды. 2001/02 маусымда 17 гол соғып, жақсы нәтиже көрсетті.
2004 жылы клубтағы мықты шабуылшылардың көптігінен, негізгі құрамнан ысырылып, "Монакоға" арендаға кетті. 2004/05 маусымда Франция чемпионатында 7 гол ғана соғып, көп көңілінен шықпады. 2005 жылы жазда "Барселонаға" қайта оралды. Бірақ каталондық клубтың бапкері Франк Райкард оның көмегін керексінбеді де, футболшы "Севильяға" жалға кетті.
2006/07 жылғы маусымды "Барселона" сапында өткізді. Бірақ 18 кездесуде 5 гол ғана соқты. 2007 жылы жазда клубтан түпкілікті кетіп, "Реал Мадридке" ауысты.
Кейін түрлі клубтарда ойнап, 2016 жылы карьерасын аяқтады.
2018 жылы Андорраның "Энкам" мини-футбол клубына қосылды.
Халықаралық 2004 жылы Америка кубогына, 2005 жылы Конфедерациялар кубогына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық «Ривер Плейт»
Аргентина чемпионы: Апертура 1999, Клаусура 2000 Либертадорес кубогы: 2015
«Севилья»
УЕФА кубогы: 2005/06
«Реал Мадрид»
Испания чемпионы: 2007/08
«Бенфика»
Португалия чемпионы: 2009/10 Лига кубогы: 2009/10, 2010/11, 2011/12
«Олимпиакос»
Грекия чемпионы: 2013/14
Аргентина
Әлем чемпионы (20 жас): 2001 Олимпиада чемпионы: 2004
Жеке
Аргентина чемпионатының үздік мергені: Апертура 1999 Оңт Американың жыл футболшысы: 1999 Әлем чемпионатының үздік мергені: (20 жас) 2001 Әлем чемпионатының үздік ойыншысы (20 жас) 2001
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Guardian Stats Centre
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Малага ФК ойыншылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Алфавит бойынша футзалшылар Санат:Аргентина мини-футболшылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Аргентина Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары