Сарықатын — Жайық өзенінің тармағы Бақсай өзенінің жайылмасындағы қыстау.

Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есмахан ауылынан батысқа қарай 2 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы Қыстаудың жазық жер бедерін төрттік кезеңнің көлді-аллювийлі шөгінділері жапқан. Өзеннің сазды-шалғынды және сортаң топырағында жиде, жүзгін, аралас бұйырғын, жусан, ақмия, қамыс, батпақты шалғындар өскен.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5

Дереккөздер

Санат:Қыстаулар Санат:Атырау облысы қыстаулары Санат:Махамбет ауданы географиясы