Сарыбастау – Быжы жəне Мұқыр өзендерінің аралығындағы тау.

Географиялық орны Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған ауылының солтүстігінде 11 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1231 м. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 8 км. Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Солтүстік-шығысында Жуантөбе, шығысында Лабасы, оңтүстік-шығысында Қызылауыз, батысында Алтыуайттау таулары жатыр. Етегінде Мұсабек қыстауы бар.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында итмұрын, тобылғы, тал, терек, т.б. өсімдіктер өседі. Таудың шығысынан Алматы – Талдықорған автомобиль жолы өтеді. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Көксу ауданы таулары