"Келінжан" — 2018-2023 жылдары аралығында "Хабар" телеарнасының тапсырысымен "GG Cinema Production" түсірген Қазақстандық танымал отбасылық сериал әрі аттас фильмі"Келінжан" неге хит болды?. Сериал Күлімхан апаның үш ұлы мен олардың келіндері туралы. Сериалда қазақ ауылының қарапайым бір отбасындағы Күлімхан апаның әулетіндегі қарым-қатынас оқиғалары көрсетіледі. 2023 жылы 5-маусымы жарыққа шықты.
Режиссёрі – Ернар Нұрғалиев.
Телехикаяның 1-маусымы - Алматы облысы Бақбақты ауылында, 2-5-маусымдары және "Келінжан -1", "Келінжан -2", "Келінжан 3" фильмдері Алматы облысы, "Аққайнар" ауылында түсірілген.
Актёрлер Продюсерлері – Гүлнұр Мамасарипова, Гүлбаршын Заирова
Оператор – Шерхан Таңсықбаев
Сценаристері – Гүлнұр Мамасарипова, Бегзат Жұмажан
Композиторы – Ренат Гайсин
+АктерлерРөліСара АмангелдіАсылымДариға БадықоваАйсараЛейло Бекназар-ХанингаКүлімхан апаНұргүл МыңғатоваБалқияДәулет ӨсербайАсқарРүстем ЖаныамановҚылышбекНазар СұлтанбаевМәдібек
Басты кейіпкерлері Күлімхан апа - 3 ұлдың, 1 қыздың анасы. Жұбайы - Темірбек, қайтыс болған, анда-санда ауылдың шетіндегі бейітінің басына барып сырласып тұрады. Үйдің көп мәселелерін шешеді.
Қылышбек - Күлімханның үлкен ұлы, интелектуал, мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімі , әйелі Айсараның ықпалымен мектепте директор болған, уақытша әкім болып та көрген.
Айсара - Қылышбектың әйелі, Күлімхан апаның үлкен келіні, Қылышбекпен кітапханада танысқан, адуындылау мінезді.
Мәдібек - Күлімханның ортаңғы ұлы, басқа ұлдарына қарағанда пысығырақ, шаруаға бейімді, 3 маусымда ауылда өз дүкені болады.
Балқия - Мәдібектің әйелі, ашық мінезді, жайсаң. Мәдібек оны досына алып қашпақшы болғанда Мәдібек үйіне аяқ асты келін қылып әкеледі.
Асқар - Күлімханның кіші ұлы, спортшы, жекпе-жекпен айналысады, кейінгі маусымдарда ауылда балаларды жекпе-жекке дайындайды.
Асылым - Асқардың әйелі, Күлімханның кіші келіні.
Маусымдары МаусымдарБөлімдеріХабар тарату кезеңі11—2514.01.2019 — 15.02.201921-1505.10.2020 — 23.10.202031-1506.09.2021 — 17.09.202141-4005.09.2022-28.10.202251-2504.09.2023-06.10.2023
1-маусымының сюжеті серияның №Шыққан уақытыСериалдың сипаттамасы1 серия2019/01/14Күлімхан апаның кенже ұлы үйіне келін әкеледі. Қалада туып-өскен қыз ауыл өмірінен мүлдем бейхабар. Оның үстіне тік мінезді әрі ерке қыз үйдегілердің тілін қалай табам деп әбігерге түседі. Ал жары Асқар біраз уайымдап, апасына: «Мен үшін келініңізге жұмсақтау болыңызшы», – деп өтініш білдіреді.«Келінжан» 1-бөлім \ «Келинжан» 1-серия2 серия2019/01/15Асқар Асылымға бір айдан кейін қайтып алып кетем деп уәде беріп, жарысқа аттанады. Асылым оны қимастықпен шығарып салады. Сөйтіп жас келіннің күнделікті үй тіршілігіндегі міндеті артады. Сиыр сауа алмай, әуре-сарсанға түседі. Екі абысыны шаруадан қашып, көршісі Зияданың үйіне кетіп қалады. Әр істеген ісін аңдыған енесі Асылымды жақтыртпай жүреді.3 серия2019/01/16Үйдегілерден тек жолдасы мен көршісі Қасым ата ғана оны үнемі қолдап жүреді. Атаның жылы қабақ танытатын себебі Асылым оның қайтыс болған бірінші әйеліне ұқсайды. Жас келін барлығын дұрыс жасауға тырысады: сиыр сауып, ерте тұруды, дәмді тамақ жасап, есік алдын тазалауды. Бірақ қолынан келмейді. Осы оның көңіліне қаяу түсіреді. Үлкен ұлы Қылышбек жұмысынан берілетін үйден үмітті екенін білмеген Күлімхан апаның көңілі түсіп, есінен танып қалады. Еншісін алып, бөлек кету Айсараның арманы еді.«Келінжан» 3-бөлім \ «Келинжан» 3-серия4 серия2019/01/17Айсараның баяғы әдеті сол отқа май құйып, Қылышбектің де біраз мазасын алады. Күйбең тіршіліктен әбден күйген Айсара енесінің жатып қалғанын тіптен елер емес. Бұл жолы Асылым енесіне ботқа дайындап, үдесінен шығуға тырысады. Бірақ енесі сол қалпы қабағын ашар емес. Күлімхан апаның көңілі босап, қаладан келген ұлы Мәдошқа ішіндегі мұңын ақтарады. Мәдөштің қаны қайнап, Айсараға атылады. Ал Айсара өз рөліне еніп, анасының ауырып қалғанына «ешқандай кінәм жоқ» деп ағынан жарылып, ақталады.«Келінжан» 4-бөлім "Хабар" телеарнасы5 сериал2019/01/18Айсара мен Қылышбек қателіктерін түсінгендей болып Күлімхан ападан кешірім сұрауға келеді. Бірақ апаның көңілі жібитін емес. Асылым талдың басына шығып, «байланыс желісін ұстаймын» деп құлап түседі. Оны көріп қалған көршісі Қасым ата үйге дереу жеткізеді. Бұл жолы апамыз Асылымға қамқорлық жасап, жанашырлық танытады. Қыздарын уайымдаған Асылымның ата-анасы ауылға бірден жетіп келеді.Келінжан 5 бөлім, Хабар телеарнасының Youtube арнасы6 серия2019/01/21Асылымның ата-анасы келіп, көңілі жайына түскендей болады. Екі абысын Асылымды көре алмай, енесінің оған деген қарым-қатынасының жақсарып келе жатқандығына қызғанышпен қарайды. Бейтаныс әйел баласымен «Асқардың көрші ауылдағы келіншегімін» дегенді естіген Асылым төбесінен жай түскендей күй кешеді. Сөйтіп ол Айша есімді өзінің туған қайын сіңлісі болып шығады. Әзілге жақын қайын сіңлісінің қалжыңын түсінбей қалған Асылым ренжіген кейіп танытады."Келінжан" 6-бөлім, "Хабар" телеарнасының Youtube арнасы.7 серия2019/01/22Қылышбек күйіктен ішіп, біраз ішін босатып алмақшы болады. Өзін бір сәт те болса патшадай сезінгісі келген ол есін білмей, Айсараның бетінен шапалақпен тартып жібереді. Оған қатты ызаланған және үй тірлігінен әбден мезі болған Айсара сөмкесін арқалап кетіп қалады. Күлімхан апа біраз өсиетін айтып, Қылышбекті жұбатумен болады."Келінжан" 7- бөлім, "Хабар" телеарнасының Youtube арнасы8 серия2019/01/23Күлімхан апа жайсыз түс көріп, мазасызданады. Айсараның кетіп қалғанына көңілі құлазиды. Қылышбекке ол: «Өзің кәнілісің, әйеліңді алып кел», – деп бұйрық береді. Ал Мәдөштің көңілі дәрігер Валяға түсіп жүрген сияқты. Соған алған иіс суын Балқия тауып алады. Бірақ Мәдөш «оны саған алдым» деп оңай құтылып кетеді. Валяны көргісі келген Мәдөш Асылымның жарақаттанған қолын себеп қылып, ауданға аттануды ұйғарады."Келінжан" 8-бөлім, Youtube арнасы9 серия2019/01/24«Айсара баламды көруге құқығым бар шығар» деп желеулетіп қайтып келеді. Асқармен хабарласқан Асылым оның жақын арада келмейтінін естіп, көңілі түсіп кетеді. Күн санап отқан ол 10 күннен кейін қалаға қайтам деп отқан еді. Қылышбек пен Айсара татуласады. Ал Күлімхан апа төркініне тойға аттанады. Оны естіген абысындардың қуанышында шек болмайды.10 серия2019/01/25Ауылдың өсегінен құр қалған Айсара көршісі Зияданның үйіне барады. Ол өзінің қалай қайтып келгенін басқаша баяндап, Зияданға өтірік-шыны аралас қылып жеткізеді. Асқар Асылымға енді бір айдан соң бір-ақ келетінін айтты. Асылым оған ренжіп, келмей-ақ қоюын өтініп, «мені ауылдан таппайсың» деп жазып жібереді. Қылышбектің үй мәселесі шешіледі. Әкім жаңа баспана беретін болды. Айсараның төбесі көкке жетеді. Балқия Мәдібекке бөтен бір әйелден келген хабарламаны оқып қояды.11 серия2019/01/28Асылым Асқардың айтқан уақытында келмейтіндігін түсініп, ауылдан кетуге бел буады. Ал Балқия күйеуінің көңілдесі барын біліп, әлі де өз-өзіне келе алар емес. Жол-жөнекей есінен танып қалған Асылым аяғы ауыр екенін біліп, қайтып ауылға оралады. Күлімхан апа Асылымның аяғы ауыр екенін естіп, іштей қатты қуанады.12 серия2019/01/29Айсараның көршісі Зияданға үй туралы жаңалығын айтып қойғанына Қылышбек ызаланады. Бірақ өзі Күлімхан апаға айтпақ болып әңгіменің басын қайырады. Айсара күйеуінің ынжықтығынан мезі болып, іске өзі кіріспек болады. Балқия қан қысымын өлшеуге Валяға келеді. Күйеуіне бейтаныс әйелден келген хабарламаны көріп қойғанын жеткізеді. Мұны естіген Валяның түрі бұзылып кетеді. Балқия Мәдібекке көңілдесі бар екендігін білетінін жайып салады.13 серия2019/01/30Айсара әкімнің үйіне үй алу кезегі жақындасын деген ниетпен кішігірім сый-сияпатын беріп келеді. Оны естіген Қылышбек қатты ашуланады. Күлімхан апа олардың бөлек кетулеріне қарсы еместігін айтып, Айсараға ұлын қорлайтын сөздерді айтуды доғаруын сұрайды. Асылымды енесі демалып келсін деп төркініне аттандырады.14 серия2019/01/31Балқия Мәдібек туралы досы Нартайдан сұрай бастайды, бірақ ешқандай өзіне қажетті жауап ала алмайды. Күлімхан апа бір сәт өткенге оралып, балаларының кішкентай кездегі қылықтары мен айтқан сөздерін көзіне жас алып, еске алады. Балқия ішіндегі мұңымен бөлісу үшін Валяға келіп, көңілдесін не болмаса Мәдібекті өлтіргісі келетінін, бірақ ондай қадамға бара алмайтынын жеткізеді. Күлімхан апа Балқияның көңілсіз екенін сезіп қояды. Өз баласының жат қылығын білген ол Балқияны жұбатумен болады. Үйіне келген Мәдібекті таяқпен сұрақтың астына алады. Ал Қасым ата баласына қара шаңырақты сатпауын аманат етеді. Аудан әкімі Қылышбектің несиесі бар екенін айтып, баспанадан үміттерін үзуге тура келетіндігін жеткізеді.15 серия2019/02/04Күлімхан апа Асқардың тойына ақша жетпегендіктен несие алғандарын Айсараға түсіндіріп айтады. Бірақ Айсараның реніші басылар емес. Күлімхан апа Мәдібекті есін жисын деп әуре-сарсанға түседі.16 серия2019/02/05Күлімхан апа баласы Мәдібек туралы мән-жайды білгісі келіп, балгерге келеді. Балгердің айтуынша, баласы дуаланған. «Үйден үміттеріңді үзе беріңдер, бастарыңда несие бар» деген ауыл әкімінің сөзінен кейін Айсараның тіпті көшеге шығуға беті болмай, «енесі үй алып беріп, бөлек шығаратын болды» деп Зияданға жаңа өсек таратады. Осы өсекті желеулетіп, Қылышбекке анасы екеуі жаңа үй алып беруін талап етеді. Күлімхан апа Валяға келіп, оның баласы Мәдібекпен көңілдес болып жүргенін бетіне басып айтып тастайды. Ауылдан біржолата кетуін бұйырады.17 серия2019/02/06Қасым ата қатты сырқаттанып қалады. Валяның ауылдан көшетінін естіген Балқия бірден құрбысының үйіне тартады. Валя жақсы дос бола алмағаны үшін кешірім сұрайды. Валя үйін сатуға қояды.18 серия2019/02/07Асылым төркінінен құрбысы Заринамен бірге оралады. Ауылдың тыныс-тіршілігін көріп, ол қалаға қашып кетеді. Балқия «Келіндер» бәйгесіне дайындалып жүр.20 серия2019/02/08Балқияға ғашық болған жігіт Мәдібектің қызғанышын оятады. Сөйтіп Мәдөш қызғаныштан жаға жыртысып қалады. Оны естіген Балқия байқаудан да бас тартып, Мәдібекке қарай бет алады. Мәдібек келіншегінің қадірін түсінгендей болып, өз кінәсін мойындап, Балқиядан кешірім сұрайды. Мәдөш жүрегінің кілтін қайта ұсынып, адал болуға ант етеді.21 серия2019/02/11Күлімхан апаның қызы Айша күйеуімен ренжісіп қалып, төркініне келеді. Зиядан Нартайды ішімдіктен біржолата арылту үшін балгерге апарады. Аудан әкімі Мәдібекке келіп: «Бригадир бола аласың» деп құрғақ уәдемен үміттендіріп кетеді.22 серия2019/02/12Мәдібек Қылышбек несиесін жауып, үйлі болсын деген ниетпен машинасын сатып, бар ақшаны Айсараға табыстайды. Оның қуанышында шек болмай, дереу несиесін жабуға қамданады. Ал Мәдібек аудан әкімінің уәдесінен үміттеніп, Күлімхан апаға ауданға қоныс аударатындарын айтады. Ал Асылым болса, Асқар жақында келсе, қалаға қайтатынын айтқанда Күлімхан апа аң-таң күй кешеді.