Ұлықбек Исматуллаевич Рашитов (; 23 наурыз 2002 жылhttps://www.olympedia.org/athletes/2504275, Өзбекстан) — өзбекстандық тхэквондошы, 68 келі салмақта 2020, 2024 жылдарғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.

Карьерасы 2018 жылы Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен жасөспірімдер арасындағы 2018 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында жасөспірімдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде Ұлықбек Рашитов финалда ресейлік спортшы Дмитрий Шишкодан жеңіліп, күміс медаль жеңіп алды.

2019 жылы Ұлықбек таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Сол жылы ол 2019 жылғы Бүкіләлемдік Әскери ойындарда да 58 келі салмақта финалда қытайлық спортшы Лян Юшуайаны жеңіп, алтынға қол жеткізді.

2021 жылы Амманда (Иордания) таэквондодан Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирінде Токиода (Жапония) өтетін ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында ол 68 келі салмақта өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде ол малилік Сейду Фофанадан басым түсті. 1/8 финалда Оңтүстік Кореядан келген екі дүркін Олимпиада жүлдегері Ли Дэ Хонгты жеңді. Жартылай финалда Недзад Хусичке (Босния және Герцеговина) қарсы шығып, 28:5 есебімен басым түсті. Ол финалда британдық таэквондошы Брэдли Синденді 34:29 есебімен жеңіп, Өзбекстан құрамасының тарихындағы таэквондодан Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтынды жеңіп алды.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша тхэквондошылар Санат:Өзбекстан Тхэквондошылары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Өзбекстан Олимпиада чемпиондары Санат:Тхэквондодан Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Тхэквондодан Азия ойындары чемпиондары Санат:Өзбекстанның Азия ойындары чемпиондары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Тхэквондодан Азия чемпиондары