Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов (1997 жылы 3 шілдеде туған) — қазақстандық боксшы, аса жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылы Белградта және 2025 жылы Дубайда өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.

Мансап Сәкен Бибосынов ең жеңіл салмақта сынға түседі. Әуесқой бокста 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қаңлы руынан шыққан.

2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында Сәкен жартылай финалға дейін жетіп, үнді боксшысы Амит Пангалға жол берді, осылайша әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп алды.

2021 жылдың шілдесінде Сәкен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол Пуэрто-Рикодан, Франциядан және Испаниядан келген боксшыларды жеңді, бірақ жартылай финалда Ұлыбритания боксшысы Джалал Яфайдан жеңіліп, қола медаль жүлдегері атандыСӘКЕН БИБОСЫНОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ .

2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Финалда америкалық қарсыласы Роско Хиллді 5:0 есебімен жеңді. Бибосынов жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңген. Ал оның алдында өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан, үндістандық Дипактан, колумбиялық Ривас Мартинестен басым түскен. Ал 2025 жылы 54 келі дейінгі салмаққа өтіп Дубайда өткен әлем чемпионатының финалында ресейлік Вячеслав Вадимович Рогозинді жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Марапаттары «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз)Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Дереккөздер

Сілтемелер BoxRec ID Профилі

Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Қазақстанның Олимпиада қола жүлдегерлері Санат:Қазақстан спорт шеберлері Санат:Бокстан Қазақстан чемпиондары Санат:Әуесқой бокстан әлем чемпиондары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Өзбекстан қазақтары