Аджикабул көлі () — Әзірбайжандағы Аджикабул ауданы мен Ширван қаласының аумағында орналасқан көл. Бакуден оңтүстік-батысқа қарай 120 км жерде, Кура өзенінің төменгі ағысының сол жағалауында орналасқан.https://what-a.info/2014811/1/adzhikabul-ozero.html Аджикабул (озеро)
Сипаттамасы Аджикабул - Әзірбайжан Республикасындағы Кура-Аракс ойпатында орналасқан үлкен көл. Көл белгілі бір геологиялық кезеңде Каспий теңізінің табиғи тартылуынан пайда болған. Көлдің ені-3 км, ал максималды ұзындығы - 6 км. және өте терең емес, тереңдігі 5 м-ге жетеді. Жалпы ауданы шамамен 1668 га құрайды. Көл арнайы канал арқылы Кура өзенінің суларымен қоректенеді. Судың орташа температурасы 5°- тан 28,5° - қа дейін, судың мөлдірлігі 0,06-2,5 м аралығында.https://www.votpusk.ru/country/dostoprim_info.asp?ID=4630 Озеро Гаджикабул Кура өзенінің көктемгі тасқыны көл ауданындағы суды көбейтеді. Қыста қатпайды. Бұл қоныс аударатын құстардың қыстайтын орны ретінде үлкен маңызға ие.https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1276908 Аджикабул (озеро)
Аджикабул көлінің атауы туралы көптеген пікірталастар бар. Көлге Меккеге қажылық жасаған қажылардың бірінің аты берілген болуы мүмкін. Басқа нұсқа бойынша, атаудың түбірі түріктің «аджи» сөзінен шыққан, ол «ащы» дегенді білдіреді. Ауданда ұқсас атауы бар көлдер өте көп кездеседі.https://esliustal.ru/az/puteshestviya/ozero-gadghikabul-opisanie-i-foto-azerbaydghan-gorod-ne Озеро Гаджикабул описание и фото. Азербайджан:
Айналасында қамыстар өскен. Ашық кеңістіктерде шабындықтар бар, ол жерлерден жылыған суға түсуге немесе балық аулауға болады. Табиғи көрікті жерлердің ішінен Харам тауы тамаша көрініс алаңы болып табылады. Бұл сонымен қатар тарихи ескерткіш, өйткені одан циклопиялық тастардың үйінділері табылған. Олардың кейбіреулері ежелгі петроглифтермен безендірілген.https://zen.yandex.ru/media/gotonature/ozera-azerbaidjana-5d9b3403ec575b00b0155160 Озера Азербайджана
Өсімдіктері мен жануарлары Су өсімдіктерінен қоға, тростник, қамыс, сарғалдақ, мүйізжапырақ кездеседі. Көлдің кәсіпшілік балықтарынан сазан, жайын, шортан, көксерке, ақ амур тіршілік етеді.
Дереккөздер
Санат:Әзербайжан көлдері