Үлкен Токо — Ресейдің Саха Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Алдан таулы аймағындағы көл. https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1554082 Нерюнгри ауданында Нерюнгриден 450 км қашықтықта, Хабаровск өлкесімен әкімшілік шекарадан батысқа қарай 90 км жерде орналасқан, көл Алгама өзенінің бассейніне жатады.https://goru.travel/place/ozero-bolshoe-toko Озеро Большое Токо

Сипаттама Теңіз деңгейінен 903 м биіктікте орналасқан. Су қабатының ауданы 82,6 км2. Көлдің ұзындығы 15 км, ені 7,7 км құрайды. Орташа тереңдігі 42 м, ең терең жері 80 м., су жинау алаңы 919 км2.https://water-rf.ru/%D0%92%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%BE%D0%B1%D1%8A%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%8B/1642/%D0%91%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%88%D0%BE%D0%B5_%D0%A2%D0%BE%D0%BA%D0%BE Большое Токо Көл жағалауында тұрақты елді мекендер жоқ, географиялық жағынан ол «Үлкен Токо» қорығының бөлігі болып табылады. Көлдің батысында - Эльгинское көмір кен орны орналасқан. Көл Становой жотасының аумағындағы ең үлкені болып саналады. Пішіні дөңгелектеніп, солтүстікке қарай созылған және мұздықтардан бастау алған бірнеше шағын шығанақтар бар.https://russia.travel/objects/312989/ ОЗЕРО БОЛЬШОЕ ТОКО — РЕСПУБЛИКА САХА (ЯКУТИЯ)

Көлге жалғыз Утук өзені құяды және Үлкен Токоның тар арнасы 2,5 км аумақтағы Кіші Токо көлімен байланысқан. Көлден Мулам өзені ағып шығады (Алдан бассейні). Қыс 7-7,5 айға созылады, қар аз жауады, ауаның орташа температурасы -30-32оС құрайды. Көл мәңгілік мұзды аймақта орналасқан. Ландшафттың қатуы 0,3-тен 4 м-ге дейінгі аралықта. Жазы қысқа, жиі жаңбыр жауады, орташа температура 17-19оС құрайды.

Үлкен Токо теңіз деңгейінен 903 м биіктікте орман-тундра ормандарының шекарасында орналасқан. Көл жағалаулары ежелгі мұздық ағысы - морена жағалауы жүйесімен орманмен жабылған, ұзындығы 25-30 км. - морена биіктігінің ауытқуы-60-100 м, ені-2-3 км. Көлдің суы таза және өте мөлдір.https://ozera.info/russia/dfo/yakutia/big-toco Озера России

Табиғаты Көлдің айналасындағы ландшафт әдемі көрінеді. Көл жағалаулары көптеген жануарлар мекен еткен әдемі жапырақты орманға толы. Мұнда аюларды, жабайы бұғыларды, бұландарды кездестіруге болады. Бұл жерлерде үлкен құс базары бар және алуан түрлі. Көлден Утук тау өзені бастау алады, бұл орын, әсіресе, байдарка есушілерге танымал.

Үлкен Токо көлі, оның ландшафттары мен ихтиофаунасы өзінің ерекше балық аулау, туристік, аң аулау маршруттарымен, көркем жерлермен тартады. Үлкен Токо көлінде балық аулау керемет, су соншалықты мөлдір. Көлде балықтар өте көп. Майқап, алабұға, таймен, шортан, ақ сақа,http://ayan-lantar.ru/ozero-bolshoe-toko/ Озеро Большое Токо қарауыз, нәлім кездеседі.https://www.oir.su/anons/12-03-2019-podlednyi-lov-na-ozere-bolshoe-toko Подледный лов на озере Большое Токо Дереккөздер

Санат:Саха Республикасы көлдері