Тұрғақ, Бүркүт руы — қазақ халқының құрамындағы ру.

Шежіре бойынша, Орта жүздегі керей тайпасынан тарайды. Тараулары Тұрғақ руы - Баба, Тайшыбек, Ораз, Төртқара, Бесқара, Күбі, Жолдыбай, Жәпек аталарына таратылады.Шамшиденова Ф.М. XIII-XVII ғғ. Тайбұға Ұлысы және Батыс Сібір: саяси-әлеуметтік мәселелері. – Алматы: «Palitra Press» баспасы, 2021. – 432

Шығу тегі Әбілқазы ханның Түрік шежіресінде былай деп жазылған: Сүйегі моңғол емес, қайсы бір түркі нәсілінен. Тұрғақтың мағынасы – сақшы дегенге келеді. Патшалар өздерін қарауылдау үшін бірнеше адамды сақшы етіп тағайындар еді, олар есікті күзеткенде кезекпен есік алдында тұрып, кезекпен ұйықтар еді. Бөтен адам келгенін байқаса, қолындағы екі ағашты бір біріне соғып не басқа дыбыс берер еді, соған қарай олардың ояу екенін, не ұйықтап отырғанын білер еді. Ұйықтамай отырғаны ұйықтап жатқанды «енді сенің кезегің келді, сен тұрғақ» деп оятар еді. Сол себепті патшаны күзететін адамдарды «тұрғақтар» дер еді 1. Әбілқазы. Түрік шежіресі. – Алматы: «Ана тіл» баспасы, 2006 ж, 200 бет.

Мұхтар Мағауин Шыңғыс хан кітабында Торғауыт пен Керей туралы: Торғауыт жасағы, кейінгі торғауыт руының әуелгі ұйытқысы – керей Оң ханның торғауыт әскері екен. Бастапқы жасақтың, кейінгі рудың тізгіні барлық уақытта да керей әмірінде болған. Торғауыт руы – керей, бұлар ежелгі түрік деп атап көрсетеді ескілікті қытай деректері. Бұл керейдің нояндары түп атасы Оң ханның тіке өзіне апарып тірейді.Мағауин М. Шыңғыс хан. Төрт томдық. – Алматы: «Дәуір» баспасы 2011 ж, 608 бет., деп жазған.

Сібір жылнамаларында Есенбақтыны патша және Мұхаммед Тайбұғаның ұлы деп жазған: Краткая Сибирская летопись (Кунгурская). 154 рисунка. Собрал и сдал в издательство корреспондент Археографической комиссии А.Зость. Санкт- Петербург. 1880 г.

Астана, Ақсу, Степногорск, Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Біржан сал елді-мекендерінде тұрып жатқан Есенбақты Керейлер өздерін осы адамнан таратады.

Мұхаммед Тайбұға Ақ Орда ханы Ибақ ханды өлтірді. Сібір хандығындағы билікті өз әулетіне қайтарды. Ол туралы Сібір жылнамаларында былай делінеді: ПСРЛ. Том 36. Сибирские летописи. Часть 1. Группа Есиповской летописи. Есиповская летопись. – М. : Наука, 1987. – 387 с. С. 46

Тұлғалары Ұраны - Тайбұға, таңбасы - Қас таңба. Батырлары: Бек Берді батыр, Жәпек батыр. Қазіргі заманғы Асылхан Жұмабайұлы Игібаев Тұрсынбек Кәкішев Жайық Бектұров

Территориясы ХІХ ғасырдың басында Есенбақты-Керей болысында, ал ХІХ ғасырдың аяғында Көкшетау уезінің Қотыркөл болысында қоныстанды.

Қазір Ақмола облысының Бурабай, Біржан сал, Бұланды аудандарында, Степногорск қаласында, Ақсу кентінде тұрады.

Дереккөздер

Санат:Қазақ рулары