нобай|alt= Cosplay of Diluc and Eula at San Diego Comic-Con 2024.jpg| Cosplay of Diluc and Eula at San Diego Comic-Con 2024.jpg
Дилюк Рагнавиндр (ағылш. Diluc Ragnvindr) - Genshin Impact ойынындағы Мондштадта керемет шарап индустриясын құрған магнат. Құдайдың көзі - Пиро, Дана үкі - шоқжұлдызы. Әкесі - Крепус Рагнавиндр, ант бойынша ағасы - Кэйа Альберих
"Мондштадтың ең бай бойдақ жігіті бола тұра, Дилюк өзін әр кезде асыл, жақсы жағынан көрсетеді."
"Бірақ та бұл бетперденің астында Мондштадтты қорғау үшін ештенеден таянбайтын темірдей ұмтылыста шыңдалған жауынгер жасырын тұр. "
"Одан аяушылықты күтпеңдер, ол соңына дейін қатыгез болады"" - деп ойынның ресми сайтында жазылған Genshin Impact
Таланттары
Шыңдалған қылыш: жауынгерлік таланттары. ""Қалыпты шабуыл:" Қылышпен кесетін төрт соққы.
"Зарядтаған шабуыл:" Төзімділік кететін тоқтаусыз соққы, комбо-шабуыл.
Комбо-шабуылдан кейін қосымша қылышпен жойқын шабуыл.
"Құлау кезіндегі шабуыл:" Жерге құлап бара жатып, жолындағы барлық жауларға шабуылдайды. Жерге құлап түскен бойда барлық алаңға зардап шектіртеді.
Отты соққы: жауынгерлік таланттары. Алдыңғы жауларға Пироның тигізетін зардабы, қылышпен соққы жасайды. Бұл шеберлікті қатарынан 3 рет белсендіруге болады. Егер де оны ұзақ белсендірсе, шеберлік жоғалады.
""Дилюка қылышы - әділдіктің, батылдық пен борыш сезімінің символы""
Таңсәрі: жауынгерлік таланттары. Өзін өрт тілімен қоршап, Дилюк қоршаған жауларын шашып, Пиро соққысын жасайды. Кейін қаруға жиналған жалыны алға ұмтылған феникске айналып, жолындағы жауларға үлкен Пиро шабуыл жасайды. Соңында феникс жарылып, барлық аймаққа үлкен зардабын тигізеді. Жиналған жалын Дилюк қаруын Пиро инфузиясымен толықтырады.
""Біз қараңғылыққа тек қана оны жарықпен сәулелендіру үшін үңілеміз. Түнде жарқыраған ұшқынның таңғы бағанасына қара""
Аяусыздық: пассивті талант. Дилюктің зарядталған шабуылының құнын 50%-ға азайтады, ал ұзақтығын 3 секундке ұзартады.
Феникс тілегі: пассивті талант. Пиро инфузиясы мен Таңсәрі шеберлігінің ұзақтығын 4 секундке ұзартады. Осы эффекттің әрекеті барысында Дилюктің Пиро шабуылының бонусын 20% -ға көбейтеді.
Күн мұрасы: пассивті талант. Екісапты қару жасауда кеткен кеннің 15%-ын қайтарады.
Оқиға
""Кейіпкер жайлы" Монтштадттық шарап жасау барлық Тейватқа әйгілі, себебі Мондштадт - бұл әндер мен шараптар қаласы. Дилюк "Таңшуақ" шарапханасының басшысы ретінде Мондштадттағы шарап жасау бизнесін қадағалап, ақпараттар, өсек пен ақшаларды өзі қадалап отырады. Басқа сөзбен айтқанда ол - Мондштадттың тәжсіз ханы.
1 Оқиға Мондштадттың ауасында ылғи да алкоголь иісі шығып тұрады. Осы иістің артынан ерсеңіз, "Таңшуақ" шарапханасына алып келеді. Шарапхана атауының астында ағаш тақтайшада: "Дәстүрге адалдық сақтай отыра" деген қысқаша жазба бар. Көпшіліктің ойы бойынша бұл жазба өзінің бірінші дәміне адал болып қалған шарап туралы. Бірақ кәрі рыцарларға ол шарапхана мен қала арасындағы ұзақ қолдау естеріне түсіретін оқиға іспетті. Шарапханада кейде мейрамдар да тойланып тұрады. Мереке кезінде жас шарапхана басшысын өздерінің күйеу баласы еткілері келетін әкелер де табылады. Бірақ бұл басқа қонақтардың күлкілерін аяқталады. Олар: "Архонттарға тәубе, Дилюк шебер өзінің шарапханасына ғана үйленеді. Біз әрқашан да шарап біздің ыдысымызда еш бүлінбейтініне сенімді бола аламыз" дескен. Оның жолын кім немесе не жолықса да, Дилюктің әсері әрқашан да ғажайып. Дилюк - барлық жағынан ерекше нағыз жігіт.
2 Оқиға Дилюк өзінің өткені жайлы ойламауға тырысады."Эх, егер де Дилюк орденді тастап кетпесе..." - деп сол түнді үлкен өкінішпен кәрі рыцарьлар еске алады. Бұл өте баяғыда болды. Дилюктің әкесі Крепус шебер шарапхана басшысы болды. Ол Дилюктің абыройлы рыцарь болып, Мондштадты қорғағанын қалады. Жас Дилюк әкесінің арманын орындап, барлық рыцарьлық міндеттерден өтіп, Ордо Фавониустың беделді мүшесі болды. Рагнвиндр отбасысының ұлы ретінде оны бұған балалық шақтан үйреткен болатын. Қысқа мерзімді қызметі кезінде Дилюкең жас кавалерия капитаны атана алды. Мондштадт тұрғындары жас әрі батылдыққа толы Орда Фавониус кавалериясының капитанын өлшеусіз миссиялары арқасында тани білді. Тапсырма нені талап етсе де, ол әр кезде ары мен өзіндік ұстанымын сақтады. Қиындықтарға қарамастан оны қылышы оны алға жетеледі. Тұрғындар мен жолдастарынан алған мақтау сөздер оны рухтандырды. Бірақ ең жақсы мақтау сөз ол : "Керемет жұмыс. Мен сені мақтан тұтамын, ұлым" деген сөздер болды. Әкесінің сөздері оның жүрегіндегі отты жандырып, үлкен мотивацияға итермеледі. Бұл "сенім" жас рыцарьдың жүрегінде ашық жанды. Дилюк ол кезде тым жас болатын...
3 оқиға "Адамның өмірі бір сәтте-ақ өзгеріп кетеді",- деп Дилюктің рыцарьлық жолының соңы болған күні әкесі айтқан болатын. Сол күні оның әкесінің ат қорасына зұлым құбыжық шабуылдады. Дилюктің көмек сұрайтын уақыты болмады. Құбыжықтың күші жас офицерге тең келмеді. Соңы күткеннен де сұмдық болды. Рыцарьлыққа қабылданбаған Крепус, ол құбыжықты сиқырлы күшпен жеңе білді. Соңында Крупс өз ұлының қолында мерт болды. Дилюк штабқа қайтып оралып, бірақ та басшыдан шындықты жасыру бойынша бұйрық алды. Эрох болған оқиға Ордо Фавониус беделін сақтап қалу үшін қоғамға жазатайым оқиға ретінде хабарландырылуын айтты. Дилюк бұйрық алғаннан кейін, тіпті ол да сөзге келгісі келмеді. Крепус әлем ешқашан да сенімі бар адамнан бас тарпайды деп айтқан болатын, бірақ Ордо Фавониус оның сенімін аяққа таптады. Дилюк әкесінің өмірінің соңғы сәттерінде неге сенгені туралы сұрақ мазалайды. Ол Ордо Фавониустан кетіп, артына бәрін, Құдай көзін де тастап кетті. Күндердің бір күнінде ол әкесінің өліміне әкеп соққан зұлым күштің көзін анықтап, кек алады.
4 оқиға Дилюк қызметінен босап, Құдай көзін тастап, шаруашылықты көмекшісіне қалдырып, Мондштадтты қалдырып кетеді. Жеті хандықты аралап Дилюк берген сертін анықтауда құпияның кілтін тапты. Олар Фатуи деген үлкен ұйымға алып келді, олар жалған Құдай көзін жасайды. Солардың күші Коепусты өлтірді. Оның әкесінің мұндай затты ұстау мотиві қандай болды? Ол осы заттың көмегімен жақсылық жасағысы келді ме? Бұл сұрақтарға жауап таппайтынын білген Дилюк артқа шегінбеді. Шөлдегі қызғыш құстай ол шындықты іздеп, дәлелдер апаратын жаққа жол тартты. Жауынгерлік жараларға толы денесіне қарамастан, оның жаны мықты әрі қатты болып қалды. Оның өтірмейтін нәрсе, оны тек мықты етеді. Бірақ оның әрекеттері Фатуи басшыларының Он бір жаршысының назарына ілікті. Дилюктің бос қалдырған қамалдары жұмыс жасады. Дилюктің өмірін солтүстіктен қүпия қараушы сақтап қалды. Ол бірнеше уақыт бойы Дилюкті қарап, оның әдістерімен келісетінін айтты. Өлімнің көзін көрген Дилюк өзінің әрекеттері жайлы ойланды. Біраз ойланып, құпия жүйеге қосылуға келіседі. Ордо Фавониус секілді Дилюк өзінің жұмысына толықтай беріліп, талантарына мен шеберлігінің арқасында ұйымның шыңына көтерілді. Құпия жүйе өзінің беделінен, мәртебесі мен тіпті аттарынан бас тартқан еріктілерден құрылды. Әкесінің өлімімен тапталған сенім жаңа жолдастарымен қайта көтеріле алады ма екен?
5 оқиға "Дәстүрге адалдық сақтай отыра". Осы жазбаның мағынасы жайлы әлі күнге дейін даулар тоқтамады. Бірақ Дилюк үшін ол қарапайым әлі түсінікті. "Зұлымдық жазалануы тиіс. Шынайы таң әрі атпағанын есте сақтаңдар". Дилюктің жалғыз саяхаты үш жылға созылды. Төрт жылдан соң есейген Дилюк Мондштадтқа оралып, өзінің отбасылық ісін жалғастырып, "Таңшуақ" шарапханасының басшысы болды. Осы төрт жылдың ішінде Эрохты сатқын деп Ордо Фавониустан қуып жіберіп, орден магистрі Варка ұзақ саяхатқа аттанып, ал орденнің қазіргі магистрі болып Джинн атанды. "Таңшуақ" шарапханасы қожайынының оралуы үлкен оқиға болатын, бірақ та осы жолы ол көзге ілінбеді. Өйткені, Мондштадт тұрғындарының назары "Мондштадт қорғаушысында" болды. Оның артынан түтіннің иісі шығатын, кенеттен жоғалған кезде артынан жарқ еткен сәуле ғана қалдыратыны туралы ғана белгілі болды. Мондштадтты қинаған құбыжық денелерді шөпке қалдырып, ұсталмаған ұрылар қалып, Тұңғиық магтарының зұлымдықтарын жеңе алмағаг рыцарьлардың қалдықтары ғана қалды. Ғажайып сақшының әрекеттері кейін қала бойын толқындай тарап, халық оны "Түнгі қаһарман" деп атап кетті. Көпшілікте Дилюк қаһарманды жақтырмады. Шарап жасау гильдиясының төрағасы Эльзер Дилюктен сұраған болатын": "Түнгі қаһарман" рыцарьлардың назарын аударып, бөгет болмады ма? Бірақ Дилюк күрсіріп, қысқа қайырды:" " Бұл өте көргенсіз құбыжық". Алма сидрі Дилюктің қолында шарап жасау ісі болды, бірақ өзі оны еш жақсы көрмеген. Дилюктың ұсынысы бойынша "Таңшуақ" шарапханасын бірнеше алкогольсіз ішімдіктер ойлап тапты, бұл Мондштадттың ішімдік ішпейтіндерінің, бірақ мәдениетке кіргілері келетіндер үшін үлкен қуаныш болды. Осындай ішімдіктердің бірі алма сидрі болды. Оның айлық сатылымдары бақбақ шарабымен тең түседі. Кейбіреулер Дилюк шебердің шарапқа деген жоғары қажеттіліктері оның көпшілік ішкен ішімдіктерді ішуіне рұқсат етпейтінін айтады. Ал басқалары оның шарапқа жақындамау себебі әкесінің өлімін еске алады деп санайды. Ал өзі нақты әрі сенімді түрде: шарап сананы байлайды, ал ол жұмысқа кедергі келтіреді деп айтады. Бірақ түсініксіз бір нәрсе бар: шарапхана қожайындары өздеріне бір тамшы да ішуге болмайтындай немен айналысады?
Құдай көзі Өмірінде Крепус екі нәрсеге өкінеді: рыцарь болмағанына және Құдай көзін алмағанына. Сол себепті Дилюк өзінің Құдай көзін әкесі мен өзінің ұмтылыстары деп санап, әкесі оны мақтан тұтатыны үшін сақтады. Бірнеше жыл бұрын бұлтты күндердің бірінде әкесі қайтыс болды. Дилюктің Құдай көзіндегі жалындаған үміттерді түнгі жаңбыр сөндірді. Өлім ең әділетті деген адамдарға да ескертусіз келеді. Әділет оқиғасы дәл осы жерде аяқталады ма? Дилюк үшін өзіне қымбатты барлық затты қорғау үшін рыцарь мәртебесі мен Құдай көзі жеткіліксіз көрінді. Ол олардан бас тартатын кез келді деп шешті. Өзінің шарасыздығын түсінген сәтте Құдай көзі Қарғыс көзі секілді болып қалды. Жалған атақтар оны еліктірмеді. Ол өртеп жіберетін жалын іздеді. Тек тұрақтылық қана шындыққа әкелді, тек жалын мұзды ерітіп, әділеттің қолын байлады. Дилюк Мондштадтқа оралған күні қолына Құдай көзін қайта алды. Қызыққа толы саяхат жылдары оны балалықтан арылтып, нағыз қаһарман етті. Әр түні ол Мондштадт үшін қараңғыда күресті. Өзінің өткенін ол талқыламайды, бірақ та оны жоққа шығармайды. Жолынан адасқанға Құдай көзі жол сілтейді. Бірақ мықты сенімі бар адамдар үшін Құдай көзі - күштерінің жалғасы, талпыныстарының бағыты және оларды жүзеге асыратын куәлік.
Дыбыстау ""Сәлем...:" Мондштадттық Дилюк. Мен құр әңгімелерді жақсы көрмеймін. Көмек қажет болса айтарсың.
""Әңгімелесейік:"" Демалыс: Бұл жерде тынығуға болады.
"Әңгімелесейік:" Ордо Фавониус: Келесі ретте саған Ордо Фавониус рыцарьларын бірге алу керек еді.
""Әңгімелесейік:" Гильия: Менің гильдияда шаруаларым көп. Оларды шешкенсе, сен демал.
""Жаңбыр жауған кезде: Қолшатыр:" Маған қолшатыр қажет емес. Егер саған керек болса - ұялмай айт.
""Жаңбыр жауған кезде: Тазару:""Жаңбыр... Әлемнің лас жандарын тазарта алса ғой.
""Күн шығып тұрғанда:"" Ауа райы маңызды емес. Бастысы - өз жолынан таймау.
""Қатты жел соққанда:"" Желдің дауысымен жасалатын қылмыстың дыбыстарын жасыруға болады.
""Қайырлы таң...:"" Бос сөздің қажеті не. Бастысы түн жақсы өтті.
""Қайырлы күн...:" Біздің құпия ас мәзірімізден дәм татасыз ба?
""Қайырлы кеш...:"" Қараңғы түсті.
""Қайырлы түн...:"" Көріскенше. Мен сенің үйге баратын жолында ештеңе болмайтынын қадағалаймын.
""Дилюк жайлы...:"" "Түнгі қаһарман" жайлы аңыз? Қызық...
""Біз жайлы: Қажеттіліктер:"" Көмек қажет болса, айт. Төлемдер бойынша Эльзерге жолық.
""Біз жайлы: Дәлелдер:"" Сен өзінің сенімділігінді дәлелдедің. Енді менің кезегім.
""Құдай көзі:"" Құдай көзі - жоғалған жандарды қоршаған қараңғылықтағы жарық сәуле. Бірақ сенімі бар адам үшін Құдай көзі тек қабылдау белгісі.
""Бөлісейік...:" Кейде мен "Періштелер есебінде" жұмыс жасауға қаламын. Осы жерде Мондштадт туралы барлы қауесеттер шығады.
""Қызықты заттар...:"" қараңғыда тыныш қана соққысын күтіп жемтігін аңдыған үкі тәрізді... Керемет.