Кенесары хан ескерткіші — Астана қаласындағы соңғы қазақ ханы Кенесары Қасымұлына қойылған. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші.

Мүсінші — Нұрлан Далбай, сәулетшісі — Шота Уәлиханов.

Тарихы Жалпы салмағы 10 тоннадан астам, қола — 8 тонна, болат каркас. Жобасы мен орнатылатын орнын президент Нұрсұлтан Назарбаев мақұлдаған.Ескерткіш туралы

Ескерткіштің ресми ашылуы 2001 жылдың 11 мамырында өтті. Салтанат барысында монументке алғашқы болып гүл шоғын қойған — ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөздер

Санат:Астана ескерткіштері Санат:Қазақ хандарының ескерткіштері Санат:Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Астана қаласы сәулеті