Брижит Мари-Клод Макрон (; қазіргі Троньё ( тумасы), бұрынғы Озьер (), 13 сәуір 1953 жыл) — француз мектеп мұғалімі, қазіргі Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі және бұрынғы ұстазы.
Өмірінің алғашқы кезеңі Брижит Макрон Францияның Амьен қаласында дүниеге келген. Ол 1872 жылы Амьенде негізі салынған Chocolaterie Trogneux-тің бесінші ұрпағы болып табылатын Симонс (1910-1998 Пуйоль тумасы) пен Жан Трогньенің (1909-1994) алты баласының ішіндегі ең кішісі болатын Қазіргі кезде Jean Trogneux деп аталатын компанияны оның інісі Жан-Александр Трогне басқарады.
Мансабы Брижит Оузиер 1980 жылдары Страсбургтегі Люци-Бержердегі «Колледжде» әдебиеттен сабақ берді. Ал 1990-шы жылдары, ол Амьенде орналасқан Lycée la Providence атты иезуиттардың орта мектебінде француз және латын тілдерінен тәлім берді.
Ол Эммануэль Макронмен алғаш рет дәл осы орта мектепте кездесті. Ол Брижиттің әдебиет сабақтарына қатысып, ал Брижит болса, Макрон қатысқан театр тобын басқарды. Олардың романы әдеттегі махаббат хикаясына ұқсамайтын еді, өйткені Брижит Макроннан ширек ғасырға үлкен болатын, Макрон бұл романын «махаббатымыз жиі құпия және жасырын болды, көбісі өздеріне осындай махаббат келмей оны түсінбейді» деп сипаттады.
Саясат thumb|left|Франция президенты Эммануэль Макрон Ақ үйде мемлекеттік кездесу кезінде өзінің әйелі Брижиттің қолын сүйіп жатыр 1989 жылы, Бриджит Макрон (содан кейін Auzière) Truchtersheim қалалық кеңесінде сайлауда сәтсіздікке ұшырап, кеңестен орын ала алмады. Бұл оның жалғыз сайлауға түскен кезі болатын.
2017 жылы Брижит Макрон күйеуінің президенттік науқанында белсенді рөл атқарды. Бас кеңесшілерінің біреуінің «Брижиттің болуы ол үшін өте маңызды» деген сөзі келтірілді. Сайлау науқаны барысында Эммануэль Макрон Франция президенттігін жеңіп алған кезде әйелі «онымен үнемі бірге болған, ол жасырылмайды» деп мәлімдеді.
Ол, өзінің қызметкерлерімен, кеңсесімен және олардың қызметі үшін жеке бөлінген бюджеті бар ресми «бірінші ханым» атағын (Франция президентінің жұбайы қазіргі уақытта ресми атаққа ие емес) құруды ұсынды. . Макрон президент болып сайланғаннан кейін және оның осындай ұсынысына қарсы 275000-нан астам қол жиналған петициядан кейін Франция үкіметі Брижит Макронның «бірінші ханым» ресми атағына ие болмайтынын және оған ресми бюджет бөлінбейтіндігін мәлімдеді. Француздық Elle журналына берген сұхбатында ол жақында жарияланатын ашықтық хартиясы оның «рөлі мен ілеспе ресурстарды», оның құрамы мен қызметкерлерінің санын нақтылайтынын мәлімдеді.
Жеке өмірі 1974 жылы 22 маусымда ол банкир Андре-Луи Аузьерге үйленді және үш бала дүниеге келді. Олар: инженер Себастьен Оузиер, доктор кардиолог Лоренс Оузиер-Журдан, заңгер Тифайн Аузьер . Олар Амьенге көшкенге дейін Трюхтершеймде 1991 жылға дейін бірге тұрды. Брижит 40 жасында, 15 жасар Эммануэль Макронмен 1993 жылы Ла-Провиденс орта мектебінде кездесті. Сол кезде ол мұғалім болып жұмыс істейтін, сондай-ақ оның қызы Лоренс, Макронның сыныптасы болатын. Ол 2006 жылдың қаңтарында Аузьермен ажырасып, 2007 жылдың қазан айында Макронға тұрмысқа шықты.VIDEO. Les images du mariage d'Emmanuel Macron temps de Brigitte Trogneux diffusées. Le Parisien (22 November 2016).
Макрон 2020 жылғы Рождествода короновирус жұқтырады. Ол туралы оның кеңсесі баспасөз хабарламаларды растап, 2021 жылы 9 қаңтарда жариялады. Кейін 2020 жылы 24 желтоқсанда Брижиттен де короновирус табылды, бірақ ол алты күннің ішінде жазылып шығып, ПЦР тесті теріс көрсеткіш көрсеткен болатын. Осы кезеңде ол президенттің ресми резиденциясы - Элисей сарайында тұрды, ал президент Париждің сыртындағы басқа резиденцияда жұмыс істеді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Charte de transparence relative au statut du conjoint du Chef de l’État, Presidency of the French Republic, 2017
Санат:1953 жылы туғандар Санат:Тірі тұлғалар Санат:Президенттің әйелдері Санат:Франция халықтары Санат:Финляндия Ақ раушан ордені үлкен крестінің иегерлері