Шада Насер (Arabic: شدا ناصر‎) (1 мамыр 1964, Йемен, Аден) — Йеменнен шыққан және Йемен соттарында жүзін ашқан алғашқы заңгер әйел. Ол Прагадағы Карлов университетінде құқық оқып, заңгер болып шыққан (1989). Йеменнің Солтүстігі мен Оңтүстігін біріктіру кезінде, адам құқығын қорғаушы ретінде жұмыс істеуге Йеменге оралды. 1996 жылы ол басқа үш әйел заңгермен бірге Йемен астанасы, Сана қаласында, тек әйелдер жұмыс істейтін заң фирмасын құрды. Ол өз жұмысын Йемендегі әйелдер құқығын қорғауға арнайды.

Жүргізген істері Насердің клиенттерінің арасында, Сана қаласының орталық түрмесінде отырған әйелдер де болды Sanaa's First Woman Lawyer. 2005 жылы Насер, жеткіліксіз дәлелдерге қарамастан, күйеуін өлтірді деп айыпталған және кәмелетке толмағанына қарамастан (16 жасында, бұл Йемен заңы бойынша тыйым салған), ату жазасына кесілген жас әйел тұтқынды қорғады. Күзетші оны зорлағаннан кейін, қыз түрмеде жүкті болып қалды. Президенттің бұйрығы қызды өлім жазасына кесуге бірнеше минут қалғанда оның өмірін сақтап қалдыJoshua Hersh (4 March 2010). A Ten-Year-Old’s Divorce Lawyer.

Йемендегі балалар некесінің қарсыласы, ол бір жыл бұрын, отбасысы мәжбүрлеп үйлендірген, орта жастағы ер адаммен ажырасуға арыз берген 10 жасар Нуджуд Алиді 2008 жылдың сәуірінде қорғады. Али, күйеуі онымен жыныстық қатынасқа түспеуге уәде бергеніне қарамастан, оны үнемі ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді. Сот Нуджуд Алиге бірнеше аптаның ішінде ажырасуға рұқсат берді. Бұл оны сол кездегі әлемдегі ең жас ажырасқан қылды A Ten-Year-Old’s Divorce Lawyer. Әлидің тарихи ісі Йемендегі басқа жас келіншектерді ажырасуға шақырды Sanaa's First Woman Lawyer.

Марапаттар 2008 жылы Шаде Насер және ол ажырасу турласы іс бойынша қорғаған Нужуд Али екеуін Гламур журналыны «Жыл Әйелдері»(ағылш. Women of the Year) номинациясын тарту етті және бұған қоса «Балалардың дауысың қолдаушы» Гламур марапатын алды (ағылш. Glamour Award for the Voice of the Children)Nujood Ali & Shada Nasser: The Voices for Children.

Дереккөздер

Санат:Йемен заңгерлері Санат:Карлов университетінің түлектері