Катар әмірі () Катар мемлекетінің басшысы. Олар арабтардың ең ірі тайпаларының бірі Бану Тамимнен тараған Әл Тани () әулетіне жатады. Атқарушы билікті әмір Министрлер кеңесімен бірге жүзеге асырады. Министрлер кеңесі әмірдің міндеттерін орындауға, сондай-ақ конституция мен заң ережелеріне сәйкес мемлекетті басқаруға қатысады.
Катар мемлекеті 1850 жылы пайда болды; Мұхаммед бен Тани оның негізін қалаушы болып саналады. Мемлекеттің үкіметі Әл Тани руын мұрагерлік жолымен Хамад бен Халифа бен Хамад бен Абдулла бен Жассим мұрагерлері ерлер желісі арқылы жүзеге асырады.
Таққа мұра болу Тақты «әмірдің сөзсіз мұрагері» деп аталатын ұлдарына беру керек. Егер әмірдің ұлы болмаса, тақты әмір әулетінің әмір өзінің мұрагері деп атаған мүшесі алады. Билік ер желісі арқылы беріледі. Отбасылық кеңес және ақсақалдармен ақылдасқаннан кейін, әмір мұрагер тағайындайтын жарлық шығарады. Тақтың мұрагері мұсылман және мұсылман әйелдің ұлы болуы тиіс.
Сайланғаннан кейін билік мұрагері келесі антты қабылдайды: «Алланың алдында шариғатты, конституцияны және заңдарды құрметтеуге, мемлекеттің тәуелсіздігін, оның аумақтық тұтастығын, азаматтардың бостандығы мен мүдделерін қорғауға, мемлекет пен әмірге адал болуға ант етемін». Мұрагер әміршінің билігі мен міндеттерін орындауды соңғысы болмаған кезде немесе жағдай қажет болса, қабылдауы керек. Әмір тақ мұрагерімен басқару қағидаларын талқылауға немесе оны кез-келген міндеттерді орындаудан босатуға құқылы. Мұрагер Министрлер кеңесінің отырыстарында болғанда, сол жерді басқаруы қажет. Әмір өз өкілеттігінің бір бөлігін басқарушы әулеттің кез-келген мүшесіне беруге құқылы. Бұл адам билікті әмірге берген сәттен бастап басқаруды тоқтатады.
Таққа отырғаннан кезде әмір елге адал болуға ант беруі керек. Әмірдің шешімімен басқарушы әулеттің Кеңесі құрылады. Әмір оны өзінің отбасы мүшелерінен тағайындайды. Егер әмір елді басқара алмаса не қайтыс болса, билеуші әулеттің кеңесі таққа кімнің отыратынын шешуі керек. Құпия отырыстан кейін Министрлер кеңесі мен аш-Шура кеңесі таққа отыратын кісінің есімін жариялап, оны әмір ретінде ұсынады. Егер сайланған әмірдің жасы 18-ден аз болса, онда билік басқарушы әулеттің кеңесі тағайындайтын Регенттер кеңесіне өтеді. Регент кеңесі кем дегенде үш және бес мүшеден аспайтын төрағалардан тұрады. Кеңестің басшысы және оның мүшелерінің көпшілігі билеуші әулеттен болуы тиіс.
Хәкімдер Сурет Аты Туған жылы Қайтыс болған жылы Билікке келуі Биліктен кетуі Байланысы 100px|center Тани бин Мұхаммедثاني بن محمد آل ثاني белгісіз 1850 22 ақпан 1825 1850 мемлекеттің негізін қалаушы 100px|center Мұхаммед бин Тани(Мұхаммед I)محمد بن ثاني 1788 18 желтоқсан 1878 12 қыркүйек 1850 18 желтоқсан 1878 алдыңғының ұлы 100px|center Жасим бин Мұхаммад Әл Таниجاسم بن محمد آل ثاني шамамен 1825 17 шілде 1913 18 желтоқсан 1878 17 шілде 1913 алдыңғының ұлы 100px|center Мұхаммед бин Жасим Әл Тани(Мұхаммед II)محمد بن جاسم آل ثاني 17 қаңтар 1881 8 сәуір 1971 17 шілде 1913 1914 алдыңғының ұлы; тақтан бас тартты 100px|center Абдаллаһ бин Жасим Әл Таниعبد الله بن جاسم بن محمد آل ثاني 1880 25 сәуір 1957 1914 1940 алдыңғының інісі; 1940 жылы ұлының пайдасына тақтан бас тартты 100px|center Хамад бин Абдаллаһ Әл Таниحمد بن عبدالله بن جاسم بن محمد آل ثاني 1896 27 мамыр 1948 1940 27 мамыр 1948 алдыңғының ұлы 100px|center Абдаллаһ бин Жасим Аль Таниعبد الله بن جاسم بن محمد آل ثاني 1880 25 сәуір 1957 1947 20 тамыз 1949 2-рет билік етуі; ұлы қайтыс болғаннан кейін билікке оралды; 1949 жылы 2-рет тақтан бас тартты 100px|center Әли бин Абдуллаһ Әл Таниعلي بن عبد الله آل ثاني 5 маусым 1895 31 тамыз 1974 20 тамыз 1949 24 қазан 1960 алдыңғының ұлы; 1960 жылы тақтан бас тартты 100px|center Ахмад бин Әли Әл Таниأحمد بن علي آل ثاني 1920 25 қараша 1977 24 қазан 1960 3 қыркүйек 1971 алдыңғының ұлы: 1972 жылы ұлы оны тақтан тайдырылды
Әмірлер Сурет Аты Туған жылы Қайтыс болған жылы Билікке келуі Биліктен кетуі Байланысы 100px|center Ахмад бин Әли Әл Таниأحمد بن علي آل ثاني 1920 25 қараша 1977 3 қыркүйек 1971 22 ақпан 1972 алдыңғының ұлы: 1972 жылы ұлы оны тақтан тайдырды 100px|center Халифа бин Хамад Әл Таниخليفة بن حمد آل ثاني 17 қыркүйек 1932 23 қазан 2016 22 ақпан 1972 27 маусым 1995 Хамад бин Абдаллаһтың ұлы; сол уақытта елдің премьер-министрі (1970-1995); 1995 жылы ұлы оны тақтан тайдырды 100px|center Хамад бин Халифа Әл Таниحمد بن خليفة آل ثاني 1 қаңтар 1952 Қазір аман сау 27 маусым 1995 25 маусым 2013 алдыңғының ұлы; сол уақытта елдің премьер-министрі (1995—1996); 2013 жылы ұлы оны тақтан тайдырды 100px|center Тамим бин Хамад Әл Таниالشيخ تميم بن حمد آل ثاني 3 маусым 1980 Қазір аман сау 25 маусым 2013 Қазіргі уақытта билік етеді алдыңғының ұлы
Дереккөздер
Санат:Катар әмірлері Санат:Катар