Таврия ауданы — 1939-1997 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Таврическое ауылы.
Тарихы Таврия ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 16 қазандағы Жарлығы Киров және Предгорный аудандарын бөлу арқылы құрылды. Орталығы Таврическое ауылы болып, мынадай ауылдық кеңестер енді: Украин, Үшбұлақ (Киров ауданының «Еңбек» ұжымшарынсыз), Бородин, Левобережный, Қызыл, Митрофанов, Пролетар, Таврия, Тройницк, Төлентай; Өскемен ауылдық кеңесі, «Өскемен» шошқа кеңшарыГосударственный архив Восточно-Казахстанской области (ГАВКО), ф. 752, оп.2, д. 147, л. 1.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы жарлығымен ауылдық кеңестер: Қызыл және Левобережный - Левобережныйға, Митрофанов пен Төлентай — Төлентайға біріктірілдіЦентральный государственный архив (ЦГА) РК, ф. 1109, оп. 5, д. 511,л. 105.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Таврия ауылдық ауданы құрылды. Ауылдық кеңестері: Жаңаөскемен, Аблакет, Егінсу, Қанай, Крупский, Тайынты, Тарғын, Левобережный, Пролетар, Таврия, Төлеген Тоқтаров, Төлентай, Тройницк, Украин, ӨскеменВедомости Верховного Совета СССР, 1963, №12, с. 272.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен ауылдық және өндірістік аудандарға бөлу жойылдыВедомости Верховного Совета Казахской ССР, 1965 г..
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1973 жылғы 28 наурыздағы шешімімен Саратов ауылдық кеңесі құрылдыВедомости Верховного Совета СССР, 1963 г., № 12, с. 272.
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1974 жылғы 10 шілдедегі шешімімен Левобережный ауылдық кеңесі Азов болып өзгертілдіВедомости Верховного Совета Казахской ССР, 1974 г., №36.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1974 жылғы 26 шілдедегі Жарлығымен Тройницк ауылдық кеңесі Гагарин болып өзгертілдіВедомости Верховного Совета Казахской ССР, 1974г., № 18, с..38.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1976 жылғы 22 наурыздағы жарлығымен Жаңаөскемен ауылдық кеңесі Меновнов болып өзгертілдіВедомости Верховного Совета Казахской ССР, 1976 г., № 13, с.19.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен аудан таратылды, оның аумағы Ұлан ауданына өттіГазета «Казахстанская правда», 24 мая 1997, №121.
Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 9 ауылдық кеңес пен 38 елді мекен болған:Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі Ауылдық кеңес Орталығы Елді мекендері Азов ауылдық кеңесі Новоазовское ауылы Азовское, Бетқұдық, Қайыңды, Новоазовское Багратионов ауылдық кеңесі Привольное ауылы Митрофановка, Привольное Гагарин ауылдық кеңесі Гагарино ауылы Гагарино, Южное Каменка ауылдық кеңесі Каменка ауылы Каменка, Степное, Тройницкое Меновный ауылдық кеңесі Меновное ауылы Акимовка, Ахмирово, Басово-Водное, Водное, Левый Берег, Меновное, Новоахмирово, Новотроицк, Новоявленка, Подгорное, Самсоновка Өскемен ауылдық кеңесі Восточное ауылы Восточное, Донское, Макеевка, Мирное Саратов ауылдық кеңесі Саратовка ауылы Новоодесское, Отрадное, Саратовка Таврия ауылдық кеңесі Таврическое ауылы Ақтөбе, Пролетарка, Таврическое Төлеген Тоқтаров ауылдық кеңесі Герасимовка ауылы Аршалы, Герасимовка, Казачье, Родовка, Тасөткел, Украинка
Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 19520 26612 27968 29121
Сілтеме Таврия ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары