Сардор Ихтиёрович Рашидов (; Тransfermarkt—2000, , Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық Жызақ футболының түлегі. 2007 жылы "Курувчи" (қазіргі "Бунедкор") клубына қабылданды. "Бунедкор" сапында жеті маусым ойнап, Өзбекстан чемпионатында 22 голдың авторы атанды.

2015 жылы шілдеде Катардың "Әл-Жайш" клубына ауысты. Жаңа клубы сапында негізгі құрамға тез орнықты.

2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Жазира" клубымен келісім шарт жасасты.

2018 жылы Өзбекстанға оралып, "Локомотив" футболшысы атанды.

2019 жылдың басында Португалияның "Насьонал Фуншал" клубына ауысты.

Сол жылы жазда катарлық тағы бір клуб "Катар СК" клубымен келісім шарт жасасты.

Құрама 2013 жылы 31 қазанда Өзбекстан құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. 2015 жылғы Азия кубогына қатысып, Сауд Арабиясы қақпасына екі гол соқты.

2019 жылғы Азия кубогына да қатысты.

Жетістіктері

Командалық

Бунёдкор

Өзбекстан чемпионы (3): 2010, 2011, 2013 Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2007, 2012 Өзбекстан кубогы (3): 2010, 2012, 2013 Өзбекстан кубогының финалисі: 2014 Өзбекстан суперкубогы: 2014 АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі: 2012

Локомотив

Өзбекстан чемпионы (1): 2018

Жеке

Өзбекстандағы жыл футболшысы (№ 2): 2015

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бунедкор ФК ойыншылары Санат:Әл-Жаиш ФК ойыншылары Санат:Әл-Жазира Абу-Даби ФК ойыншылары Санат:Локомотив Ташкент ФК ойыншылары Санат:Насьонал Фуншал ФК ойыншылары Санат:Катар СК ойыншылары Санат:Әл-Кувейт ФК ойыншылары Санат:Умм-Салал ФК ойыншылары