Джозеф (Джо) Майкл Аллен (; 14 наурыз 1990 жыл) — уэльстік футболшы, Уэльс Ұлттық футбол құрамасы мен "Сток Сити" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық 2007 жылы Англия чемпионаттарында ойнайтын уэльстік клуб — "Суонси Сити" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2008 жылы "Рексем" клубына жалға берілді.

2012 жылы 10 тамызда "Ливерпульге" ауысты, трансфер құны 13,5 миллион еуроны құрады.

2016 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Сток Ситиге" ауысты.

Ұлттық құрама 2009 жылы мамыр айында Уэльс құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын Эстонияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Бұл кездесуде ойынға матч барысында тыңнан қосылды. 2011 жылы Швейцарияға қарсы ойында тұңғыш рет бастапқы құрамда шықты.

2012 жылы Ұлыбритания құрамасы сапында Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Клубтық

УЕФА Еуропа лигасының финалисі: 2015/16

Халықаралық

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2016

Дереккөздер

Сілтемелер

National-football-teams.com сайтындағы профилі

Санат:Уэльс футболшылары Санат:Уэльс Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Суонси Сити ФК ойыншылары Санат:Рексем ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары