thumb|right|200px|Кітаптың мұқабасы|link=Special:FilePath/Ала_доптың_аламаны.png Ала доптың аламаны — қазақ журналисі, жазушысы Сәкен Сыбанбайдың футбол жайлы кітабы. 2015 жылы «Арна» баспа­сынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.

Сипаттамасы Футбол саласында талай жылдан бері еңбектеніп, футбол тарихын зерттеп жүрген Сәкен Сыбанбайдың айтуынша, кітапта оның 30 жыл бойы жинаған еңбектері түгел қамтылған.

Кітапта 1930-2014 жылдар аралығында өткен Футболдан әлем чемпионаттарының статистикаларын, матч нәтижелерін, іріктеу турнирлері жайлы есеп-қисаптарын, қала берді әр чемпионаттың қызықты оқиғаларын, тарихын, футбол жұлдыздары жайлы анықтамаларды түгел таба аласыз.

Финалдық турнирлердің бүкіл ойындары ресми хаттамаларымен ұсынылған. Сондай-ақ  әр чемпионаттың үздік футболшылары, жеңімпаздар, бапкерлер мен құрама командалар туралы да салмақты әңгіме өрбиді.

Қазақ тіліндегі тұңғыш футбол энциклопедиясы деуге тұрарлық еңбек спортсүйер қауымға, футбол жанкүйерлеріне арналған.

Cілтемелер

Әлемдік мундиаль тарихы Журналист Сәкен Сыбанбайдың "Ала доптың аламаны" кітабы жарыққа шықты

Санат:Алфавит бойынша кітаптар

Санат:Футболдан әлем чемпионаты