Гарет Маколи (; 5 желтоқсан 1979https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/40567, Ларн, Солтүстік Ирландия) — солтүстік ирландиялық футболшшы, қорғаушы.

Карьерасы Карьерасында Солтүстік Ирландия, Англия, Шотландия клубтарында ойнады.

Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2005 жылы 4 маусымда Германияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Екінші ойынын 16 қарашада Португалияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Сан-Марино қақпасына тұңғыш голын соқты.

2016 жылы 37 жасында Еуропа чемпионатына қатысты, бұл ұлттық құраманың Еуропа чемпионатына тұңғыш жолдама алуы еді. Топтық кезеңнің екінші турындағы жаңбырлы матчта Украина қақпасына гол соғып есеп ашты. Маколидің бұл голы Солтүстік Ирландияның Еуропа чемпионаттарындағы тұңғыш голы еді. Бұл ойында Солтүстік Ирландия 2:0 есебімен жеңіске жетті.

1/8 финалда Уэльспен ойында өз қақпасына гол соғып алды. Макколи ол жерде тым күрделі позицияда тұрған-ды. Уэльстік Гарет Бейл сол қанаттан айып алаңына доп асырды. Бірнеше ойыншылармен бірге допқа Маколи де ұмтылды. Өзінің ту сыртында уэльстік Хэл Робсон-Кануға допты өткізбеу үшін барын салған футболшының әрекеті зая кетті, допты кері қайтарам деп өз қақпасына соғып алды. Уэльс 1:0 есебімен жеңіске жетті де, 1/4 финалға жолдама алды.

Жетістіктері

Колрейн

Ирландия кубогы 2002/03 Ирландия кубогының финалисі: 2003/04

Дереккөздер

Сілтемелер

Soccerway сайтындағы профилі

Санат:Солтүстік Ирландия футболшылары Санат:Солтүстік Ирландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Линфилд ФК ойыншылары Санат:Крусейдерс ФК ойыншылары Санат:Колрейн ФК ойыншылары Санат:Лестер Сити ФК ойыншылары Санат:Ипсвич Таун ФК ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары