Фарид Нұрғалиұлы Зигангиров (, 15 тамыз 1954, Киров, РСФСР, КСРО) — КСРО-лық көгалдағы және допты хоккейші. 1980 жылғы Қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері.

Карьерасы Әуелі допты хоккеймен шұғылданды. 1970 жылдардың басында Эдуард Айрихтың шақыртуымен Алматыға келді. Ақырындап көгалдағы хоккейді де меңгерген Фарид 1973-87 жылдары алматылық "Динамо" сапында ойнады. 1973-76 жылдары "Динамо" допты хоккей клубында ойнады. 1976 жылдан соң көгалдағы хоккейге түпкілікті ауысты.

1977-87 жылдары КСРО құрамасы сапында 172 ойын өткізді.

1991-92 жылдары "Динамоның" бас жаттықтырушысы қызметін атқарды.

Жетістіктері

Ұлттық КСРО чемпионы: (1973, 1975—1979, 1982—1983, 1985—1987) КСРО кубогы: (1982—1984, 1986—1987)

Халықаралық Еуропа чемпиондары кубогы: 1982, 1983 Құрлықаралық кубок 1981

Сілтемелер

Санат:Алфавит бойынша көгалдағы хоккейшілер Санат:15 тамызда туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Динамо Алматы КХК ойыншылары Санат:Динамо Алматы КХК жаттықтырушылары Санат:КСРО көгалдағы хоккейшілері Санат:Динамо Алматы ДХК ойыншылары Санат:КСРО допты хоккейшілері Санат:Алфавит бойынша допты хоккейшілер Санат:1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері