«Флуминенсе» (,) — Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы футбол клубы, 1902 жылы құрылғған. Өз алаңындағы ойындарын "Маракана" стадионында өткізеді. Бразилиядағы ең атақты, жүлделі клубтардың бірі.

1932 жылы бразилиялық клубтар арасында бірінші болып кәсіпқой клуб атанды.

2008 жылы өз тарихында тұңғыш рет Либертадорес кубогының финалына шықты да, ЛДУ Кито клубынан ұтылып қалды. Бір жылдан соң Оңтүстік Америка кубогының финалында да тағы да дәл осы клубқа жол берді.

Жетістіктері

Ұлттық

Бразилия чемпионы (4): 1970, 1984, 2010, 2012 Бразилия чемпионатында үшінші орын (4): 1975, 1988, 2001, 2011 Бразилия кубогының чемпионы (1): 2007 Бразилия кубогының финалисі (2): 1992, 2005 Рио-де-Жанейро штатың чемпионы (31): 1906, 1907, 1908, 1909, 1911, 1917, 1918, 1919, 1924, 1936 (АФРЖ), 1937, 1938, 1940, 1941, 1946, 1951, 1959, 1964, 1969, 1971, 1973, 1975, 1976, 1980, 1983, 1984, 1985, 1995, 2002, 2005, 2012 Рио-Сан-Паулу турнирінің жеңімпаз (2): 1957, 1960

Халықаралық

Либертадорес кубогының финалисі (1): 2008 Оңтүстік Америка кубогының финалисі (1): 2009

Танымал тұлғалары

Бапкерлері

Жаир Перейра (1996) Ренато Гаушо (1996, 2002—2003, 2003, 2007—2008, 2009, 2014) Валдир Эспиноса (1997, 2000—2001, 2004) Уго де Леон (1997) Освалдо де Оливейра (2001—2002, 2006) Рикардо Гомес (2004) Абел Брага (2005, 2011—2013, 2017—2018) Иво Вортманн (2006) Муриси Рамальо (2010—2011) Вандерлей Лушембурго (2013) Доривал Жуниор (2013) Левир Кулпи (2016) Марсело Оливейра (2018)

Футболшылары

Адемир Алтаир Фаустино Асприлья Бранко Валдо Машадо Вашингтон Вашингтон Сезар Сантос Диди Жаир Мариньо Жерсон Жетулио Карлос Алберто Торрес Дарио Конка Луис Алберто Лула Марко Антонио Маркос Карнейро де Мендонса Марсело Орландо Пинго де Оуро Пауло Сезар Кажу Карлос Жозе Кастильо Пиньейро Педро Аморим Клаудио Питбуль Ренато Гаушо Роберто Ривеллино Родолфо Родригес Нету Рожер

Сілтемелер

http://www.fluminense.com.br/

Санат:Бразилия футбол клубтары