Ву Цзяньсюн (мадам Ву атымен де танымал;; 31 мамыр 1912https://www.atomicheritage.org/profile/chien-shiung-wu, Тайцан — 16 ақпан 1997 Encyclopædia Britannica, Нью-Йорк) — Қытайдан шыққан американдық физик. Манхэттен жобасына қатысқан. Әлсіз өзара әрекеттесулерде кеңістіктік паритетінің бұзылуын эксперименталды түрде дәлелдеді, бұл эксперимент оның есімімен аталды.
АҚШ Ұлттық Ғылым академиясының мүшесі (1958) C. S. Wu , Қытай Ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1994)Backdrop: CAS Foreign members (1994-2002).
Өмірбаяны Мадам Вудың ата-бабалары Тайюань қаласы, Шаньси провинциясынан шыққан, бірақ өзі Цзянсу провинциясының Тайцан қаласында дүниеге келген, 1929 жылы Ұлттық Орталық университетке түскен, 1930-1934 жылдары Нанкин орталық университетінің физика факультетінде оқыған, 1934-1936 жылдары университетте ғылыми жұмыспен айналысқан.
1936 жылы АҚШ-қа Тайюаньдық құрбысы, химик Дун Жофэньмен бірге оқуға кетті. Ву Берклидегі Калифорния университетінде оқуын бітіріп, 1940 жылы физика бойынша философия докторы дәрежесін алды. Екінші дүниежүзілік соғыстың және Қытайдағы биліктің ауысуы салдарынан Ву АҚШ-та қалып, физик Люк Юаньға тұрмысқа шықты. Сексистік шектеулерге байланысты жұмыста қиындықтар туындағаннан кейін, ол күйеуімен бірге шығыс жағалауға көшіп, Принстон мен Колумбия университеттерінде сабақ берді. 1944 жылы ол Манхэттен жобасына қатысып, уранды байытумен айналысты.
1965 жылы Ву-дің "Бета-ыдырау" монографиясы жарық көрді.
1973 жылы Қытайға барды. Осы сапар барысында ата-анасының қабірлері қирап, ағасы мен көкесінің мәдени революция кезінде қайтыс болғандығын білді.
1975 жылы ол Америкалық физикалық қоғамның президенті болды, Ву — бұл лауазымдағы алғашқы әйел едіМолчанова М. Ву Цзяньсюн : Королева лаборатории : [арх. 10 ноября 2020] / Марина Молчанова // Квантик : журн. — 2020. — № 4..
1997 жылы инсульттан қайтыс болды.
Қытайда әкесінің өзіне арнап құрған мектебінің жанында жерленген, осы мектептің ауласында Ву Цзяньсюннің ескерткіші тұр.
Ғылымға қосқан үлесі 1956 жылы Ли Чжэндао мен Янг Чжэньнин Вуға кеңістіктік паритетті сақтау заңын қолданбай салынған әлсіз өзара әрекеттесудің жаңа теориясын тексеру үшін эксперимент жүргізуді ұсынды. Қазіргі уақытта "Ву тәжірибесі" деп аталатын бұл тәжірибе 1956 жылы оның басшылығымен жасалды және Паритет Заңы әлсіз өзара әрекеттесуде жұмыс істемейтінін көрсетті. Алдымен ғылыми қауымдастық бұл нәтижені сенімсіздікпен қабылдады, бірақ Ву тәжірибесіне ұқсас және түбегейлі ерекшеленетін эксперименттердің қайталануы оның нәтижелерін растады. Кейінірек Ли және Ян физика бойынша Нобель сыйлығына ие болды, ал Ву марапатсыз қалды, оны көптеген адамдар сексизмнің көрінісі ретінде қабылдады.
Кейініректе Ву орақтәрізді жасушалы анемияны тудыратын гемоглобиннің молекулалық өзгерістерін зерттеді.
Ву Цзянсюн көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде сексизмге жол берілмейтіндігін және әйелдердің ғылыммен айналысуға тең құқығы жайында: "мен әйелдерді ғылым мен техникада жұмыс істеу үшін Интеллектуалды емес деп санайтын адам бар екеніне күмәнім бар"; "менің ойымша, кішкентай атомдар мен ядролардың, математикалық символдардың немесе ДНҚ молекулаларының айырмашылығы жоқ, олармен айналысатын - ерлер немесе әйелдер".
Марапаттары мен мойындаулары 1948 — американдық физикалық қоғамның мүшесі болып сайланды 1962 — John Price Wetherill Medal 1963 — Комсток Премиясы 1975 ж. — АҚШ-тың Ұлттық ғылыми медалі, «For her ingenious experiments that led to new and surprising understanding of the decay of the * radioactive nucleus» Chien-Shiung Wu | National Science and Technology Medals Foundation The President's National Medal of Science: Recipient Details | NSF - National Science Foundation 1975 ж. — Том Боннер премиясы «For her pioneering work in beta decay, and particularly for carrying out beautifully precise experiments, * crucial for unraveling of the nature of the weak interactions» Prize Recipient Tom W. Bonner Prize in Nuclear Physics 1978 ж. — Физика бойынша Вольф премиясыעמוד הבית - קרן וולף 1986 — Эллис аралының құрмет медалі 1990 — Ву құрметіне 2752 Ву Цзяньсюн астероиды аталды.
Дереккөздер
Санат:31 мамырда туғандар Санат:1912 жылы туғандар Санат:16 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1997 жылы қайтыс болғандар Санат:Нью-Йоркте қайтыс болғандар Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:АҚШ физиктері Санат:Философия докторлары Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Қытай ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:Инсульттан қайтыс болғандар Санат:Принстон университеті түлектері Санат:Калифорния университеті түлектері