УЕФА Конференция Лигасы (; UECL) — УЕФА қарамағындағы Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасынан кейінгі үшінші деңгейдегі құрлықтық клубтық футбол турнирі.
Тарихы УЕФА басшылары Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында жеңіске жете алмай жүрген елдің командалары үшін тағы бір жарыс ұйымдастыруға кіріскелі көп болды. 2018 жылы "Лига Еуропа 2" турнирін бастауға бел шеше кірісті. 2019 жылы Конференциялар лигасы деп атауды ұйғарды. Алғашқы маусымы 2021/22 жылғы маусымда өтті.
Форматы Турнирге УЕФА-дағы рейтингі төмен чемпионат өкілдері қатысады. Бұрынғыша чемпион атанған клуб Чемпиондар лигасына қатыса береді, ал 2-3 орын алған клубтар Еуропа лигасына емес, Конференциялар лигасында бақ сынайды.
УЕФА чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеуінде сүрінген клубтар да жарысты бұрынғыша Еуропа лигасында емес, осы турнирде жалғастырады. Сондай-ақ Еуропа лигасының үшінші іріктеу және плей-офф кезеңінде ұтылғандар мен топтық кезеңінде үшінші орын алған командалар осы турнирде жарысты жалғастырады.
Турнир жеңімпазы келесі маусымда Еуропа лигасына қатысадыhttps://www.uefa.com/insideuefa/about-uefa/news/newsid=2585829.html.
Жеңімпаздары Клубтар бойынша +КлубЖеңімпазФиналистЖеңген жылдарыЖеңілген жылдары Рома102022 Вест Хэм Юнайтед102023 Олимпиакос102024 Челси102025 Фиорентина022023, 2024 Реал Бетис012025 Фейеноорд012022
Елдер бойынша ЕлЖеңімпазФиналист 20 12 10 01 01
Финалдар МаусымЖеңімпазЕсепФиналистУЕФА Конференция Лигасы 2022 Рома (Рим)1:0 Фейеноорд(Роттердам)2023 Вест Хэм Юнайтед(Лондон)2:1 Фиорентина(Флоренция)2024 Олимпиакос(Пирей)1:0<small>(қос.уақыт) Фиорентина(Флоренция)2025 Челси(Лондон)4:1<small> Реал Бетис(Севилья)
Дереккөздер
Сілтемелер
https://matchtv.ru/football/jevropa/matchtvnews_NI1087319_Skoro_rossijskije_kluby_stanut_redkostju_v_Lige_Jevropy_Dla_nih_i_drugih_ne_topov_UJeFA_zapuskajet_novyj_turnir
Санат:УЕФА Конференция Лигасы