Оймын даласы — Теректі жотасының орталық бөлігінен оңтүстікке қарай Алтай республикасының Көксу ауданының аумағында орналасқан Орталық Алтайдағы тау аралық қазаншұңқыры (дала)Оймын / Алтай Республикасы аумағындағы географиялық нысандар атауларының тізілімі 17.12.2019 ж. // Географиялық атаулардың мемлекеттік тізімдеме rosreestr.ru . Аңғардың ұзындығы 35 км-ден асады, ал ені 8-ден 13 км құрайды. Теңіз деңгейіндегі биіктік шамамен 1000 м.

Оймын даласының бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай тау өзендері ағады: Марғала - сол жағында, Оймын, Оқал, Мүлте - оң жағында. Мөлдір Көксу батыс тауларынан аңғарға тез енеді. Барлық өзендер Қатынға құяды, ол аңғар арқылы көптеген арналарға кеңінен жайылады және аңғарды екі бөлікке бөледі.

Елді мекендер - Көксу, Бастал, Қастақту, Қорымту, Теректі, Шеңдек, Полеводка, Марғала, Октябрьское, Жоғарғы Оймын, Төменгі Оймын, Басты-Кем, Мүлте, Сумүлте, Маралды, Гагар.

Атаудың шығу тарихы Түркі тіліндегі «Оймын» немесе «Оймон» сөзінің аудармасы әркелкі. Бір нұсқа бойынша, бұл сөзді «сиыр мойны» немесе «сиыр ішегі» деп аударуға болады. Таулы Алтайдың топонимикалық сөздігіне сәйкес О. Т. Молчанова «Оймон», «ойым» дегеніміз - бұл жеткілікті дәл сипаттамалық географиялық термин, қоршалған ойпат, геологтарлың айтуындай яғни таулармен қоршалған Оймын ойпаты.

Н. А. Шодоев (Мөлдір-Сөккөн ауылы) пен В. И. Катынов (Қорымту ауылы) Алтай өлкетанушылары басқа нұсқаны, «жасырын даналық орны» дегенді білдіретін сөздің ежелгі «ойм» немесе «аум» түбірінен шыққандығын қолдайды.

Жоғарғы Оймын ауылының байырғы тұрғындары дала атауы бір кездері осы жерлерде өмір сүрген алтайлық Оймын атауынан шыққан деп санайды.

Климаты Оймын аңғарындағы климат континентальды сипатқа ие, бұл оңтүстік-батыс бағытта ауа массаларының басым болуымен байланысты. Желдер қалыпты, қыс мезгілінде аязсыз кезең жеткілікті ұзақ болады, бұл көкөністерді ғана емес, жеміс ағаштарын да өсіруге мүмкіндік береді, әсіресе аңғарда қатты жел болмағандығынада байланысты. Күн сәулесінің ұзақтығы жазда айына 225-230 сағатты құрайды, бұл Ялта, Батум немесе Сочи сияқты оңтүстік қалалардағы күн сәулесінен асып түседі.

Аймақтың сипаттамасы XIX ғасырдың соңында атақты географ В. В. Сапожников бұл жерлерге сипаттама қалдырды:

Е. Шмурло «Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жазбаларында» «Алтай станциясы мен Оңтүстік Алтайдағы Қосағаш арасындағы жолдың сипаттамасы» бөлімінде баяндайды . «... Қатын алқабының бұл бөлігі «дала» деген атпен белгілі: батысында (өзеннің жоғарғы ағысында) - Оймын және шығысында (төменгі ағысында) - Қатантау. Мұнда бірнеше ірі бұратана орыс қоныстары бар: Қатантау (…) Төменгі және Жоғарғы Оймын, Көксу; соңғы екі ауыл өздерінен бірқатар зәйімкелерді бөліп алып, өз кезегінде ауылдарға айналды: Горбуново, Теректі, Огнево, Қастақтау, Қайтанақ, Бастал, Шеңдек, Власьевка және т.б. Бұл ауылдардың халқы егіншілікпен және мал өсірумен айналысады, олар үшін Қатын алқабы көптеген қолайлылықтар ұсынады. (...) Бұл алқаптың тұрғындары тек отырықшы - өздерінің алғашқы өмір салтын сақтап келетін қалмақтар, Оймын сыртқы басқармасын құратын - орыс ескі наным-сенушілер мұнда өте аз, Алтайдың басқа бөліктерінен келген шаруалар және отырықшы өмір салтына көшкен алтайлық-бұратаналар (қалмақтар). Бұл ауданның халқы өзінің гүлденуі, өміршеңдігі және дені сау келбетімен ерекшеленеді» .

Геологиясы 10-12 мың жыл бұрын Оймон даласы алып жатқан қазаншұңқұрдың түбі (жаңартылған мәліметтер бойынша - 101 ± 9 мың жыл) Абай, Оймын және Қатантау тау аралық қазаншұңқұрлардың шегінде орналасқан ірі кейінгі плейстоцендік мұзды бөгеген көл (Оймын палекөл). Бүгінде аңғарды қоршап тұрған таулардың бөктерінде соқпатолқын сызықтардың үзінді іздерін байқауға болады. Олар теңіз деңгейінен 1270 - 1280 метр биіктікке жетеді. Көлдің ауданы 2250 - 2300 шаршы км, су көлемі - 450 текше км, максималды тереңдігі - 435 метрді құрады>. Аңғар негізінен қалыңдығы 23 метрге дейінгі құмайт, ірі құмы бар саздақ және қиыршық тасы бар құмайт толтырғыш ұсынған көнелігі орта-кейінгі неоплейстоценді көл түзілімінен, сондай-ақ Қатын өзенінің аллювиалды шөгінділерінен және оның салалары - Қастақтау, Қорымтау, Үлкен Теректі, Шеңдек және басқалары тұратын аллювиалды-пролювилік сүйреткіштерден тұрады.

Оймын даласының табиғаты байырғы тұрғындардың арасында да таңданыс тудырады: даланы қоршап тұрған таулар жыл мен тәулік уақытына байланысты оны адам танымастай өзгертеді. Аңғардың сұлулығы мүлде өзгеше болуы мүмкін, өйткені күн сәулесінің көлбеу бұрышы үлкен маңызға ие. Оймын даласы ірі өнеркәсіптік және қалалық орталықтардан жеткілікті қашықтықта орналасқандықтан табиғаттың ерекше әсемдігі сақталған. Аңғар 1998 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы мәртебесін алған Қатын биосфералық қорығының бөлігі болып табылады.

Флора Қатын өзенінің аласа террасалары көбінесе түрлі шөпті-дәнді өсімдіктер жамылғымен, ал биіктері - құрғақ таулы даламен жабылған. Қатынның сол жақ тармақтары шөгінділерінде тырбық қайыңдар, талдар мен түрлі бұталылар өседі.

Көлік жүйесі Бийск қаласындағы ең жақын теміржол станциясы 510 км қашықтықта, аңғарда автомобиль көлігі жүреді.

Көрікті жерлер Н.К. және Е.И. Рерихов атындағы Мемлекеттік музей-қорық, А. В. Анохина атындағы Алтай Республикасы Ұлттық музейдің филиалы. Жоғарғы Оймын ауылындағы ескі наным-сенушілер мұражайы. Ескі наным-сенушілер Ілияс шіркеуі Новосибирск және Бүкіл Сібір епархиясының Белокриницкая иерархиясының Пайғамбары.

Туризм Оймын аңғарында ескі наным-сенушілер ауылдары арқылы бағыт жасалған, онда XVIII ғасырдың соңынан бастап көптеген елді мекендерде тұратын орыс ескі наным-сенушілерінің әлі күнге дейін шіркеулері жұмыс істейді. Көптеген кенттер мен ауылдарда жабдықталған туристік кешендер, қонақ үйлер, кемпингтер мен туристік орталықтар бар.

Галереяcы 200px|thumb|Оймын даласы. Таңертеңгі Қатынның үстіндегі бұлт қабаты200px|thumb|Оймын даласы. Чендек ауылынан шығысқа қарай200px|thumb|Оймын даласы. Вороний Каменнен көрініс (астында Шеңдек ауылы)thumb|Оймын даласындағы ауыл

Тағы қараңыз Абай даласы Қатантау даласы Оймын қазаншұңқыры

Дереккөздер

Санат:Алтай Республикасы Санат:Алтай Республикасының далалары Санат:Ресей далалары