Илие Думитреску (; 6 қаңтар 1969 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/102020, Бухарест, Румыния) — румыниялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Румыния Ұлттық футбол құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 1989 жылы 26 сәуірде Грекияға қарсы өткізді.
1990, 1994, 1998 жылғы әлем чемпионаттарына қатысты. Әсіресе 1994 жылғы әлем чемпионаты есте қаларлық болды: құрама ширек финалға дейін жетті. Дисквалификацияға ұшыраған Флорин Радучоюдың орнына шыққан Илие 1/8 финалда Аргентинамен ойында екі гол соқты, біріншісін қапталдан әуелете теуіп енгізді (бұл чемпионаттағы үздік голдардың бірі болатын). Бұл ойында Румыния 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Командалық
«Стяуа»
Румыния чемпионы (3): 1988/89, 1992/93, 1993/94 Румыния чемпионатының қола жүлдегері (3): 1989/90, 1990/91, 1991/92 Румыния кубогы (2): 1988/89, 1991/92 Румыния кубогының финалисі: 1989/90 Румыния суперкубогы: 1994 Еуропа чемпиондары кубогының финалисі: 1988/89
Жеке
Румыния чемпионатының үздік мергені: 1992/93
Бапкер ретінде
Кипр чемпионатындағы үздік бапкер: 2004
Дереккөздер
Cілтемелер Профилі
Санат:Румыния футболшылары Санат:Румыния Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Стяуа ФК ойыншылары Санат:Олт Скорничешти ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Америка Мехико ФК ойыншылары Санат:Румыния футбол жаттықтырушылары Санат:Оцелул ФК жаттықтырушылары Санат:Брашов ФК жаттықтырушылары Санат:Аполлон Лимасол ФК жаттықтырушылары Санат:АЕК Афина ФК жаттықтырушылары Санат:ПАОК ФК жаттықтырушылары Санат:Стяуа ФК жаттықтырушылары