Хамит Ерғалиевтің аудармалары — ақынның шығармашылығында елеулі орын алады.
Ерғалиев келесі әдеби шығармаларды қазақ тіліне аударды: Софокл — Эдип патша (трагедия) Шекспир — сонеттер, Гамлет трагедиясы, Ричард III хроникасы, Дуалы түнгі думан комедиясы Байрон — Кеш кінәмді Лермонтов — Палестина бұтағы Пушкин — Патша селосындағы ой Некрасов — Ақын мен Азамат Маяковский — Жазғы дачада Владимир Маяковскийге тап болған айрықша оқиға, Атлант мұхиты Демьян Бедный, Алексей Сурков, Расул Ғамзатов, Әлішер Науаи, Назым Хикмет, Пабло Неруда, Сэмюэл Кольридж өлеңдері. Қырғыздың «Манас», қарақалпақтың «Қырыққыз» эпостарын қазақ тіліне аударушылардың бірі болды.
Ерғалиев Шекспирдің 154 сонетін аударған және ол туралы өз естелігінде былай деген: «[Бұл] кітабымды бүкіл 60 жылдық шығармашылық өмірімнің маңдай алдына апарып қояр едім. Шекспир сонеттерінің кітабын қазақ тілінде шығару үшін аттай 6 жылымды жұмсадым».Өмірде де, өлеңде де қаһарман — «Егемен Қазақстан», 18.10.2016.
1996 жылы сонеттерді аударғаны үшін ақын Ұлыбританияның Ұлы Мәртебелі Елизавета королеваның алғыс хатын алды.Хамит Ерғалиевке арналған сайт .
Дереккөздер
Сілтемелер Peculiarities of indirect translation from English into Kazakh via Russian language (Гамлетті орысшаға және қазақшаға аударудағы ерекшеліктер жайлы)
Санат:Аударма Санат:Аудармашылар