«Копетдаг» () — Түрікменстанның Ашхабад қаласындағы футбол клубы, 1947 жылы құрылған елдегі ең танымал, жүлделі ұжым.

Тарихы 1947 жылы құрылған соң 44 жыл бойы КСРО чемпионатына қатысты. Тек 1970-74, 1976-79 жылдары ғана бірінші лигада ойнады, қалған уақытта екінші лигада өнер көрсетті.

1991 жылы Түрікменстан тәуелсіздік алған соң, өз чемпионатын өткізе бастады да, "Копетдаг" бірінші боп ел чемпионы атанды.

2000 жылдары клуб қаржы тапшылығынан жабылып қалды да, 2015 жылы қайта құрылды.

Атақты ойыншылары

Курбан Бердыев Валерий Брошин Евгений Набойченко

Жетістіктері

Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995, 1997/98, 2000 Түрікменстан кубогы: 1993, 1994, 1997, 1998/99, 2000, 2001, 2018

Сілтемелер

Копетдаг (Soccerway)

Санат:Түрікменстан футбол клубтары Санат:1947 жылы құрылған футбол клубтары