Мейсон Рэмси (; 16 қараша 2006, Голконда, Иллинойс, АҚШ) — америкалық әнші және дауыс актері. Ол 2018 жылы шыққан «Famous» синглімен танымал. Walmart cупермаркетінде йодлинг жанрында Хэнк Уильямстың «Lovesick Blues» әнін шырқағаннан кейін интернет мемге айналған. Мейсон, сондай-ақ Big Loud-пен келісімшартқа қол қойған. 2019 жылғы 12 шілдеде ол «Old Town Road» жазғы өлеңінің үшінші ресми ремиксін жазуға қатысқан."Old Town Road" өлеңінің үшінші ресми ремиксі
Мансабы Мейсон Рэмси 16 қараша, 2006 жылы АҚШ-тың Иллинойс штатының Голконда қаласында дүниеге келді.
2018 жылдың наурыз айында 11 жасар Мейсон, Гаррисберг (Иллинойс) қаласындағы Walmart супермаркетінде " Lovesick Blues" әнін айтып тұрғанда камераға түсіп қалды. Бірнеше күннің ішінде оның орындауындағы видео 25 миллионнан астам қаралым жинап, вирустық сенсация мен интернет мемге айналды. Мейсонның орындауы Хэнк Уильямстың 70 жыл бұрынғы әнін жазуға деген жаңа қызығушылығын оятты. Наурыз айында Rolling Stone журналы Spotify қызметінің Viral 50 чартында Хэнк Уильямстың өлеңі АҚШ-та үшінші, ал бүкіл әлемде төртінші орын алды.
Аяқ астынан пайда болған даңқтың нәтижесінде The Ellen DeGeneres Show шоуында пайда болды. Бұл шоуда ол өзінің арманы бір күні Grand Ole Opry-де пайда болу екенін айтты. ДеДженерес Мейсонды келесі демалыс күндеріне брондап қойғанын айтып, оны таң қалдырды. 13 сәуір, 2018 жылы америкалық ди-джей Whethan Мейсонды Индио (Калифорния) қаласындағы 2018 Coachella Valley Music and Arts Festival фестиваліне алып келді. Сәуірдің соңында ол Atlantic Records және Big Loud Records лейблдерімен келісімшартқа қол қойды. Оның дебютті синглі "Famous" АҚШ Billboard Hot 100-де 62-ші орынды алды. Ал оның дебютті альбомы Billboard-тың ондығында 7-ші орынды иеленді. Мейсон Billboard Hot 100 графигінің 60 жылдығына арнап 1960-шы жылдардан бастап Billboard Hot 100-де 1-ші орынды алған хит-әндерді шырқады. 8 маусым 2018 жылы ол "Lovesick Blues" әніне кавер шығарды. 20 шілде 2018 жылы ол өзінің "Famous" атты алғашқы мини-альбомын шығарды. Ол сондай-ақ Lil Nas X-тің "Old Town Road" әнінің үшінші ресми ремиксінің жазылуына қатысты. Үшінші ремикс 12 шілде, 2019 жылы жарық көрді..
Дискографиясы Студиялық альбомдар Атауы Мәліметтер I'll See You In My Dreams Шығарылды: 20 қыркүйек 2024 Лейбл: Atlantic Формат: Сандық жүктеу, ағынды
Шағын альбомдар Атауы Мәліметтер Famous Шығарылды: 20 шілде 2018 Лейбл: Atlantic Records, Big Loud Records Формат: Сандық жүктеу, ағынды Twang Шығарылды: 26 шілде 2019 Лейбл: Atlantic Records, Big Loud Records Формат: Сандық жүктеу, ағынды Falls Into Place Шығарылды: 20 қазан 2023 Label: Atlantic Format: Сандық жүктеу, ағынды Merry Christmas Baby Шығарылды: 15 қараша 2024 Label: Atlantic Format: Сандық жүктеу, ағынды
Синглдер
Жетекші әртіс ретінде Атауы Жыл Чарттағы ең жоғары позициялар Альбом US US Country UK IRE Famous 2018 62 4 100 — Famous Lovesick Blues — — — — The Way I See It — — — — Jambalaya (On the Bayou) — — — — Yo da Lady Who — — — — I Saw the Light — — — — White Christmas — — — — Twang 2019 — — — — Twang Puddle of Love — — — — How Could I Not — — — — On My Way — — — — Before I Knew It — — — 100 Next Right Thing 2023 — — — — Falls Into Place Falls Into Place — — — — All I Wanna Be — — — — She Got It Outta Me — — — — Reasons to Come Home — — — — Run Run Rudolph (Mason’s Version) — — — — rowspan="2" Here All Day 2024 — — — — Blue Over You — — — — I'll See You In My Dreams Something You Can Hold — — — — All The Way To Memphis — — — — How Do I Know If I'm In Love — — — — Shake Shake (All Night Long) — — — — Twisters: The Album Christmas (Baby Please Come Home) — — — — Merry Christmas Baby Merry Christmas Baby — — — — Waiting On You (For Christmas) — — — — Blue Christmas — — — — O Come All Ye Faithful — — — — Silent Night — — — — Live Lonely 2025 — — — — "—" чартта жоқ немесе сол аумақта шығарылмаған синглді білдіреді.
Шақырылған әртіс ретінде Атауы Жыл Альбом «Old Town Road (Remix)» 2019
Музыкалық видеолары Видео Жыл «Lovesick Blues» 2018 «White Christmas» «Twang» 2019 «How Could I Not» «Before I Knew It»2022 «Reasons to Come Home» 2023 «Next Right Thing» «Blue Over You» 2024 «Something You Can Hold» «Come Pick Me Up» «I'll See You In My Dreams» «Silent Night»
Фильмдер тізімі Жыл Қазақ тіліндегі атауы Түпнұсқа атауы Рөл 2019 Angry Birds кинода 2 Angry Birds Movie 2 Оливер (дауыс) 2020 Cows Menu (Burger King) Өз-өзін
Концерттік турлары Falls Into Place Tour (2024)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:АҚШ бала әншілері Санат:XXI ғасыр әншілері