Бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография (, SPECT) — радиоизотоптардың көмегімен дененің томографиялық суретін шығарып, диагностика жасау әдісі.
Бұл технология сцинтиграфияға ұқсас, бірақ соңғысы екіөлшемді бейнені берсе, SPECT 3D-бейнені береді.
SPECT кардиологияда, неврологияда, урологияда, пульмонологияда, ісіктерді анықтауда, қаңқа бейнесін шығаруда қолданылады.
Қан айналымына енгізілетін радиоизотоптардың ішінде технеций-99m жиі қолданылады. Радиоизотоптың ядросы ыдырағанда, ол бір ғана фотон шығарады. Бұл фотон бейнені құруға әсер етеді.
Сілтемелер SPECT әдісінің дамуы туралы / Phys. Med. Biol. 51(2006) R99–R115 SPECT туралы презентация, FIU 2012
Санат:Томография