«КИ Клаксвик» (дат. Klaksvik Ítróttarfelag) — Фарер аралдарындағы Клаксвик қаласындағы футбол клубы, 1904 жылы құрылған. Фарер аралдарындағы ең байырғы және жүлделі клубтардың бірі.

Тарихы Клуб ә дегенде теннис ойнайтын спорт клубы ретінде құрылды. Алғашқы футбол матчын 1911 жылы ХБ Торсхавн клубына қарсы өткізіп, 0:5 есебімен ұтылып қалды. Осыдан кейін елдегі әуесқой клубтар арасындағы турнирлерге қатыса бастады.

1942 жылы Фарер аралдарының тұңғыш ресми чемпионатына қатысты. Чемпионат плей-офф тәсілімен өткізіліп, команда финалға шықты да, "ТБ" клубын 4:1 есебімен ұтып, чемпионат тарихындағы тұңғыш чемпион атанды.

Бапкерлері

2008—

Петур Мор (2008) Александр Дордевич &  Якуп Миккельсен (2009) Петур Мор (2009) Александр Дордевич (2010—2011) Поль Гудлагссон (2012—2013) Эйдур Клакстейн (2013—2014) Миккьял Томассен (2015—)

Атақты ойыншылары Бәрі де фарерліктер

Тоди Йонссон Рогви Якобсен Атли Даниельсен Якуп Миккельсен Хедин Лакьюни Хьялгрим Элттор Алан Мёркере Курт Мёркере Поль Клеттскар

Жетістіктері

Премьер Лига Чемпион (22): 1942, 1945, 1952, 1953, 1954, 1956, 1957, 1958, 1961, 1966, 1967, 1968, 1969, 1970, 1972, 1991, 1999, 2019, 2021, 2022, 2023, 2025 Вице-чемпион (12): 1947, 1951, 1962, 1963, 1971, 1973, 1974, 1975, 1996, 1998, 2016, 2017

Фарерлер кубогы Жеңімпаз (6): 1966, 1967, 1990, 1994, 1999, 2016 Финалист (8): 1955, 1957, 1973, 1979, 1992, 1998, 2001, 2006

Сілтемелер

http://ki.fo/

Санат:1904 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Фарер аралдары футбол клубтары