Роман Николаевич Юзепчук (; 24 шілде 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/351735, Могилев, Беларусь) — беларусьтік футболшы, Беларусь Ұлттық футбол құрамасы мен "Динамо Брест" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық 2017 жылдың жазынан бері "Динамо Брест" клубының шабуылшысы. Оған дейін "Динамо" (Минск), "Береза-2010" клубтарында доп тепті.
2015 жылы жазда "Береза-2010" клубына жалға берілді. Бірақ жыл соңында клуб тарап кетті де, "Динамоға" (Минск) қайта оралды.
"Динамо" сапында ұлттық біріншілікте бір ойында да алаңға шықпай, 2017 жылы Бресттің "Динамосына" ауысты. Брестік клубта негізгі құрамда бір жылға жуық уақыттан соң ғана, 2018 жылы 2 мамырда алаңға шықты.
Ұлттық құрамада 2020 жылы 26 ақпанда Болгарияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Беларусь құрамасы сапында алаңға шықты.
Жетістіктері
Беларусь чемпионы: 2019 Беларусь кубогы: 2018 Беларусь суперкубогы: 2019
Дереккөздер
Санат:Беларусь футболшылары Санат:Беларусь Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Минск ФК ойыншылары Санат:Динамо Брест ФК ойыншылары Санат:Береза-2010 ФК ойыншылары