Виктор Владимирович Понедельник (22 мамыр 1937 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/215778, Дондағы Ростов, РСФСР, КСРО) — КСРО-лық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. 1960 жылғы Еуропа чемпионы.

Мансабы Дәл қазір (2020 жылы) 1960 жылы Еуропа чемпионы атанғандардан көзі тірі осы Понедельник қана. Аталмыш чемпионаттың финалында КСРО мен Югославия футболшылары кездесіп, негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды да, 113-ші минутта Понедельниктің голы кеңес футболшыларына жеңіс әперді.

Виктор 1962 жылғы әлем чемпионатына да қатысты.

2015 жылы Дондағы Ростов қаласындағы "Олимп-2" стадионында Понедельникке ескеркіш орнатылдыhttp://www.sport.ru/ai/18x16000/286198/head_0.jpg.

1966 жылы футбол ойнауды доғарған соң бір жыл "Ростельмаш" клубының басшысы қызметін атқарды, 1968 жылы клубтың бас жаттықтырушысы қызметіне орналасып, 1969 жылы ол қызметтен кетті.

Жетістіктері

Еуропа чемпионы: 1960 Еуропа чемпионатының финалисі: 1964

Марапаттары

Еңбек сіңірген спорт шебері "Құрмет белгісі" ордені (1980) Достық ордені (1997)

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:КСРО футболшылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ростов ФК ойыншылары Санат:СКА Дондағы Ростов ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары