Канада туы немесе Канада Ұлттық Туы (, ) — Канаданың мемлекеттік рәміздерінің бірі. Көбінесе Канадалық ту немесе бейресми түрде Үйеңкі Жапырағы деп аталады. Ортасында 1:2:1 қатынасында ақ шаршысы бар қызыл өрістен тұрады, оның ортасында қызыл 11 қырлы үйеңкі жапырағы орналасқан. Бұл парламенттің екі палатасы да қабылдаған алғашқы ту және Канада монархы елдің ресми туы ретінде ресми жарияланған.
Түстер ТүсҚызылАқ HTML # DA291C # FFFFFF RGB 255, 0, 0 255, 255, 255 PMS Red 032 White CMYK 0-100-100-0 0-0-0-0
Мағынасы Канада мемлекеттік туының түстерінің ресми түсіндірмесі жоқ. Кеңінен таралған түсіндірмелердің біріне сәйкес, бүйірлеріндегі қызыл жолақтар екі мұхитты білдіреді — Тынық және Атлант, олар Канаданың екі жағында орналасқан. Үйеңкі жапырағы ұлттың бірлігін көрсетеді.Канада туы қызыл — Әулие Георгий Крестінің түсі, Ұлыбританияны бейнелейді (бұрынғы метрополияны); ақ түс Францияны бейнелейлі (Квебектің бұрынғы метрополиясы)
Сипаттама thumb|Жаңа Шотландиядағы Галифак қаласындағы Атлант Мұхитының Теңіз Мұражайында желбіреген Канада туы thumb|Құрылыс парағы Канада туының алдыңғы және артқы жағы бірдей. Туда екі жақты симметрия бар. Ортаңғы жолақ тудың ұзындығының ½ бөлігін құрайды. Бүйір жолақтары бірдей, және әрқайсысының ені тудың ұзындығының ¼ бөлігін құрайды. Тудың мұндай конфигурациясы «Канадалық баған» деген атау алды. Тудың ортасында XVIII ғасырдан бері Канаданың символына айналған қызыл үйеңкі жапырағы орналасқан. Қырлар саны — 11, ешқандай символдық мағынаға ие емес. Жапырақтың ұштарының саны мен орналасу тәртібі аэродинамикалық құбырда өткізілген сынақтан кейін таңдалды. Бұл сынақ қатты жел кезінде он бір қырлы жапырақтың суреті басқалардан қарағанда аз бұрмалатынын көрсетті. Ақыр соңында бұл нұсқаны мемлекеттік туға орналастыру шешілді.
Тарихы right|thumb|250px|1911 жылы V Георгтың тәж кигізу жорасына арналған канадалық ашық хаттағы Канада туы (жоғарғы сол жақта). Канадада көтерілген алғашқы ту Георг кресті болып табылады. Оны ағылшын қызметінде жүрген итальяндық теңізші Джон Кабот 1497 жылы Ньюфаундленд аралының жағалауына жеткенде орнатты. Кейінірек 1534 жылы Гаспе түбегінде француз теңізшісі Жак Картье Франция туын көтерді.
1621 жылы Жаңа Шотландияда алғашқы британдық отарлау кезінен бастап Канадада Ұлыбритания туы қолданыла бастады. «Ұлыбритания туы» XIX ғасырдың 60-шы жылдарына дейін Канаданың ресми туы болып келген және 1965 жылға жылға дейін, қазіргі ту қабылданғанға дейін де-юре болған.
1497 жылдан қазіргі күнге дейін Канадада қолданылған тулар
Галерея
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Канада Ұлттық Туы – Канадалық мұралар департаменті Канаданың ұлттық туының этикеті – Канадалық мұралар департаменті Тулар (МҰРАЛЫҚ МИНУТТАР) – Historica Canada George F.G. Stanley's Flag Memorandum to John Matheson – St. Francis Xavier University John Matheson's postcard to George Stanley – St. Francis Xavier University Патшалық Үндеу – Канада Кітапханасы және Мұрағаттары
The Great Canadian Flag Debate – CBC Digital Archives "The People's Choice: Seeking the origins of the Maple Leaf flag, finding the soul of our nation" – W5 (CTV) "The Maple Leaf Forever?" – The Agenda (TVO)
Санат:Канада тулары Санат:Мемлекеттік тулар Санат:Канада мемлекеттік рәміздері