Мариус Никулае (; 16 мамыр 1981https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/13831, Бухарест, Румыния) — румыниялық футболшы, шабуылшы. 2008 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан.
Карьерасы "Динамо" (Бухарест) клубының түлегі. 1996 жылы 15 жасында-ақ клубтағы тұңғыш ресми ойынын өткізді.
2001 жылы 3 млн долларға "Спортингке" ауысты. Португалиялық клуб сапында 4 маусым ойнап, 14 гол соқты, УЕФА кубогының финалисі атанды.
Кейін "Стандард", "Майнц", "Инвернесс" клубтарында ойнап, 2008 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Динамоға" оралды.
2015 жылы карьерасын осы "Динамода" аяқтады.
Жетістіктері
«Динамо» (Бухарест)
Румыния чемпионы: 1999/00 Румыния кубогы: 1999/00, 2000/01, 2011/12
«Спортинг» (Лиссабон)
Португалия чемпионы: 2001/02 Португалия суперкубогы: 2002 УЕФА кубогының финалисі: 2004/05
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (FlashScore.ru) Санат:Румыния футболшылары Санат:Румыния Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Бухарест ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары Санат:Майнц 05 ФК ойыншылары Санат:Васлуй ФК ойыншылары