Якоб Стам (; род. 17 шілде 1972https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3557, Кампен, Нидерланд) немесе () — нидерланд футболшысы, қорғаушы.

Карьерасы

Клубтық 1992 жылы "Зволле" клубында карьерасын бастады.

1993 жылы "Камбюр" сапында ойнады.

1995 жылы "Виллем ІІ" клубына ауысты.

1996 жылы ПСВ Эйндховен клубына ауысып, екі маусым ойнады. Осы аралықта Нидерланд чемпионы атанды, екі рет ел суперкубогында топ жарды. 1998 жылғы әлем чемпионатынан соң "Манчестер Юнайтедке" ауысты. Трансфер құны 16,7 млн еуроны құрап, сол кездегі ең қымбат қорғаушыға айналды және ең қымбат Нидерланд футболшысы атанды.

2001/02 маусым барысында "Лациоға" ауысты. Тыйым салынған препараттарды пайдаланғаны үшін біраз уақыт футболдан шеттетілді.

2004 жылы "Миланға" ауысты. Жалпы Италияда онша табысты бола қоймады, тек "Лацио" сапында Италия кубогын жеңіп алумен ғана шектелді.

2006 жылы "Аякске" ауысып, 2007 жылы карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама 1996, 2000, 2004 жылдары Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

ПСВ

Нидерланд чемпионы: 1996/97 Нидерланд кубогы: 1995/96 Нидерланд суперкубогы: 1996, 1997

Манчестер Юнайтед

Англия чемпионы (3): 1998/99, 1999/00, 2000/01 Англия кубогы: 1999 Чемпиондар лигасы: 1998/99 Құрлықаралық кубок: 1999

Лацио

Италия кубогы: 2003/04

Аякс

Нидерланд кубогы: 2006/07 Нидерланд суперкубогы: 2006, 2007

Нидерланд

ӘЧ-1998 (4 орын) ЕУРО-2000, ЕУРО-2004 (3-4 орын)

Жеке

Нидерландтағы жыл футболшысы: 1997 («VVCS-Profvoetbalgala»)

Бапкер ретінде

«Аякс»

Нидерланд чемпионы: 2013/14

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі (Icons.com) Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Рединг ФК жаттықтырушылары Санат:Фейеноорд ФК жаттықтырушылары