Саңғыл — Орта жүз қоңырат тайпасының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Әмір Темірден жеңілген Едігенің Маңғыт руын Саңғыл би өзі басқарған Қарақытай руымен біріктіп Маңғыт-қытай "Маңғытай" бірлестігін құрады. Кейіннен Қазақ хандығы құрылған кезде Маңғыттар "Маңғытай" атын сақтап, Қарақытай руы Саңғыл бидің атымен "Саңғыл" атты екі рулы елге бөлінеді. Осыдан "Маңғытай-саңғыл бір туған",-деген тәмсіл қалған екен.

Саңғыл ағысай, самай, нұрсай, қошқар, қаратілес, тиес деген аталарға бөлінеді. Саңғылдар 1917 жылға дейін Сырдария облысының Түркістан у-нде, Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде, Қозмолдақ, Сызған, Күмісті, Бақырлы, Үштөбе, Жартытөбе, Мыңшұқыр, Шылбыр, Көкіш деген жерлерді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ, Түркістан аудандары) мекендеген. Ноғайқора, Көкшеқұм болыстарын құраған. Ұраны — Мүлкаман, таңбасы жалпы қоңыратқа ортақ "П" (босаға).Қазақ Энциклопедиясы, 7 том Тұлғалар Құлыншақ Кемелұлы Бегалы Күленұлы Қожамжар шешен Қазиұлы Ағысай Еркінбек Ақынбеков Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев Баһадүрбек Байтасов Жамалбек Шәймерденұлы Шәймерденов Төлеген Момбеков

Дереккөздер

Санат:Қазақ рулары