Витор Мануэл Мартинш Баия (; 15 ақпан 1969, Сан-Педру-да-Афурада) — португалиялық футболшы, қақпашы.

Мансабы "Порту" клубының түлегі. 1988 жылы осы клубта кәсіпқой карьерасын бастады. Әуелде поляк қақпашысы Йозеф Млынарчиктің орынбасары ретінде қосалқы құрамда отырып қалды. Бірақ 1989/90 жылғы маусымнан негізгі құрам қақпашысына айналды.

1996 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Барселонаға" ауысты. 1996/97 жылғы маусымда Испания чемпионатында бір рет қана алаңға шыққанына қарамастан, уақытының көбі жарақатын емдеумен өтті. Кейін клубқа Луи Ван Галь бапкер боп келген соң, негізгі құрамнан үмітін мүлде үзді де, 1998 жылы туған клубы "Портуға" жалға берілді.

1999 жылы қаңтарда "Барселонаға" қайта оралды. Бірақ бұл жолы дажарақат алып, ота жасатты да, уақытының көбі сонымен кетті.

2000 жылы жазда "Портуға" оралды. 2007 жылы карьерасын аяқтағанша ешқайда ауыспады.

1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатында негізгі құрамда ойнады. 2002 жылғы әлем чемпионатында да негізгі құрамда ойнады, бірақ Португалия топтан шыға алмады. Турнир біткен соң құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

Жетістіктері

Командалық

«Порту»

Португалия чемпионы (10): 1989/90, 1991/92, 1992/93, 1994/95, 1995/96, 1998/99, 2002/03, 2003/04, 2005/06, 2006/07 Португалия кубогы (5): 1990/91, 1993/94, 1999/00, 2002/03, 2005/06 Португалия суперкубогы (8): 1990, 1991, 1993, 1994, 1996, 2003, 2004, 2006 Чемпиондар лигасы: 2003/04 УЕФА кубогы: 2002/03 Құрлықаралық кубок: 2004

«Барселона»

Испания чемпионы: 1997/98 Испания кубогы (2): 1997, 1998 Испания суперкубогы: 1996 Кубок иелері кубогы: 1996/97

Жеке

Порутгалияның үздік футболшысы (2): 1989, 1991 Клубтар маусымындағы үздік қақпашы: 2003/04 Еуропаның үздік қақпашысы: 2004

Дереккөздер

Сілтемелер

Статистикасы Фанаттар сайты Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары