Вальтер Адриан Самуэль (, 23 наурыз 1978 жыл, Фирмат, Аргентина) — аргентиналық футболшы, қорғаушы.
Карьерасы
Клубтық 1996 жылы "Ньюэллз Олд Бойз" клубында карьерасын бастады. Көп ұзамай негізгі құрамға орнығып та алды. Келесі жылы-ақ "Бока Хуниорсқа" ауысты.
2000 жылы жазда "Рома" футболшысы атанды. "Ромада" отандасы Габриэль Батистутамен бірге бір жылдан соң Италия чемпиондығына қол жеткізді.
2004 жылы "Реалға" ауысқанымен, бір жылдан соң клубтан кетті де, "Интернационалеге" келді. "Интернационаледе" ұзақ жылдар ойнап, көптеген жүлделерге қол жеткізді. Жалпы "Рома" мен "Интер" сапында алты рет Италия чемпионы атанды.
Соңғы клубы Швейцарияның "Базелінде" екі маусым ойнапhttp://www.sports.ru/football/1022359015.html, 2016 жылы футболмен қоштасты.
Ұлттық құрама 2002, 2010 жылдары әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Жастар арасындағы әлем чемпионы (20): 1997 Аргентина чемпионы (2): Апертура 1998, Клаусура 1999 Либертадорес кубогы: 2000 Италия чемпионы (6): 2000/01, 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10 Италия Суперкубогы (5): 2001, 2005, 2006, 2008, 2010 Италия кубогы (3): 2005/06, 2009/10, 2010/11 Чемпиондар лигасы: 2009/10 Клубтар әлем чемпионаты: 2010 Швейцария чемпионы (2) : 2015, 2016
Дереккөздер
Профилдері
https://www.national-football-teams.com/player/297.html
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Ньюэллс Олд Бойз ФК ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Базель ФК ойыншылары