Олександр Володимирович Зінченко (; 15 желтоқсан 1996 жыл,Профилі — Transfermarkt.com Радомышль, Житомир облысы, Украина) — украиналық футболшы, "Арсенал" клубы мен Украина құрамасының жартылай қорғаушысы.
Мансабы нобай|солға|Зинченко «Манчестер Сити» құрамында "Шахтер" клубының түлегі. Бірақ кәсіпқой футболшы ретінде бірінші келісім шартын 2015 жылы қаңтарда Ресейдің "Уфа" клубымен жасасты. Жанкүйерлер арасындағы сауалнама бойынша, шілде айындағы "Уфаның" үздік футболшысы атанды.
2015 жылы жазда "Манчестер Сити" клубымен бес жылдық келісім шарт жасасты.
2016/17 жылғы маусымды "ПСВ Эйндховен" сапында арендада өткізді.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2015 жылы 10 қазанда Испанияға қарсы өткізді. Бұл ЕУРО-2016 турнирнің іріктеуі болатын. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
2022 жылдың 22 шілдесінде "Арсенал" Зинченкомен төрт жылдық келісімшартқа қол қойылғанын растады, трансфер құны 30 миллион фунт болды, ол бонус түрінде 32 миллионға дейін өсуі мүмкін.
Жетістіктері «Манчестер Сити» Англия чемпионы (2): 2017/18, 2018/19 Англия кубогы: 2018/19 Лига кубогы (3): 2017/18, 2018/19, 2019/20 Англия Суперкубогы: 2019
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі — soccerway.com
Санат:Украина футболшылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Уфа ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары