Исламдағы жыныстық өмір әдебі — мұсылманның жыныстық өміріне қатысты шариғат белгілеген ережелер мен ұсыныстар жиынтығы. Исламда жыныстық қатынасқа тек некелі жарымен не күңімен ғана түсуге рұқсат етіледі, басқасы зина боп саналып, шариғат бойынша қудаланады. Сондай-ақ анал сексіне, етеккір, босанғаннан кейінгі қан кету, дерт пен ораза кезіндегі жыныстық қатынасқа да тыйым салынады.
Алғашқы неке түні мұсылман күйеуі жаңа үйленген әйелінің асты-үстіне түсіп, сый көрсетіп, онымен бірге намаз оқуы керек , алда ол кем дегенде төрт айда бір рет әйелімен жыныстық қатынасқа түсіп, барлық әйеліне бірдей көңіл бөлуге міндетті (бірнеше әйел алса). Үйленген әйелі пәк болса, күйеуі онымен жеті күн бойы бірге болуы керек, ал әйел бұған дейін үйленген болса, онда үш түн де жеткілікті . Қатынас алдында арнайы дұға оқып, жасырынып айналысқан жөн .
Қасиетті мәтіндердегі нұсқаулар болмаса, Исламда орал сексіне рұқсат етілген , ал анал сексі , мастурбация , зоофилия топтық секс және лесбиандықты діндарлардың көбі тыйым салынған деп санайды. Гомосексуал ерлер мен зорлаушылар өлім жазасына кесіледі .
Ислам мүшеқап пайдалануға және жыныстық қатынасты үзуге рұқсат береді, алайда ғұламалар ұрық ананың өміріне қауіп төндірмеса, түсік жасатуға тыйым салады .
Исламдағы секс жайлы түсінік Исламда адам өміріндегі бар жағдай сипатталған. Некеге, оның ішінде жыныстық қатынасқа қатысты шариғаттың басты мақсаты — адамның табиғи жыныстық құмарын қандыру, әрекеттің таза болуын, екі адамның жақындасуын, мұсылман санының артуын қамтамасыз ету және арсыз әрекеттер мен зинақорлықтан тартындыру. Араб тілінде неке деген сөзбе-сөз «шағылысу» деп аударылса, шариғатта отау құрғандардың бірін-бірі қандыруға рұқсат беретін келісімі дегенді білдіреді. Зинақорлықтан тартынатындар үшін неке міндетті, ал құмарлығы жоқтарға, аурулар мен қауқарсыздарға қажетсіз боп саналады. Мұсылман жар таңдауда оның тақуалығы мен таупықтығынан бөлек, ұрпақ өрбіте алуына қарауға тиіс.
Бұл турасында Мұхаммед пайғамбар былай дейді:
Жыныстық ағарту
Өзге де әлем діндерімен салыстырғанда ислам жыныстық ағарту тақырыбында ілгері екені белгілі, десе де ешбір мұсылман елінде жыныстық ағарту оқу бағдарламасына жеке пән боп енбеген, ол тек діни сауат ашуда оқытылады. Жыныстық ағартудың кей сұрақтарын мұсылмандар құп көрмеуі мүмкін: жыныстық ағарту исламдағы отбасы тұжырымдамасына қайшы деп қабылдануы мүмкін; жыныстық ағартуда айтылатын кей дүниелердің мұсылман түсінігіндегі әдептілік пен сыпайылыққа сәйкес келмеуі; кей мұсылмандар жыныстық ағартудағы әрекеттерді «күнә» деп қабылдауы мүмкін.
Келісім жасы
Шариғатта кәмелет жас пен жыныстық қатынасқа келісім жасы кесіп айтылмаған. Мұсылман балиғат жасқа толғанда мүкәлләф (сөзбе-сөз «міндетті») атанады. Ұлдарда жыныстық жетілу белгілеріне ұйқы кезіндегі не өңіндегі еріксіз шәует шығару, қасағасына жүн шығуы жатады, ал қыздарда етеккірдің келуі мен жүктілік. Ұл не қыз 15 жасқа толып, – жыныстық жетілу белгілері көрініс бермесе де мүкәлләф атанады.
Құранның кей аяттарында (, ) балиғат жасқа толмаған (еттеккірі келмеген) қызға үйленуге рұқсат етілетіні жазылған. әл-Бұхари, Мүслім, Ахмад ибн Ханбал, Әбу Дәуд, ән-Нәсәи, әд-Дарими, Ибн Маджаһ пен Әл-Байһақи сынды хадис жинақтаушыларының жинақтарында келтірілген сенімді хадиске сәйкес Мұхаммед 18 жастағы Айшаға үйленіп, жыныстық қатынасқа түскен, (анығын бір Алла біледі)Ол кездері араб қыздары ерте жетілгенін ескерген жөн.. Алайда Ибн Шубрума секілді кей мұсылман ғұламалары әкелерге өз қыздарын тек кәмелетке толғанда және келісімін өзі бергенде ғана тұрмысқа берсін деп айтқан. Сондай-ақ неке құрмақшы жастардың жасы бір-біріне сәйкес болуы шарт, әйтпегенде ол неке жарамсыз болмақ.
Ибн Қудама өзінің «әл-Мұғни» деген кітабында: «Ибн әл-Мұнзир былай дейді: „Бізге ұстаздық еткен білім иелерінің барлығы әкесі кәмелетке толмаған әрі пәк қызын әлгі бала қызымен жасты болса, тұрмысқа беруге болады деген тоқтамға келген. Қыз некеден бас тартып, тартынса да еркінен тыс тұрмысқа беру рұқсат етіледі.“» деп жазады. Кәмелет жасқа толмаған қыздың әкесі болмаса, қыздың өз рұқсатын алуға тиіс.
Ал балиғат жасынан асқан әрі бұрын тұрмысқа шыққан мұсылман әйелін ешкім некеге тұр деп міндеттей алмайды. Ол тұрмысқа өз еркімен шығады, әйтпегенде бұл неке жарамсыз болмақ. Тұрмыста болған, кәмелетке толмағандар мен кәмелет жасына толған пәк қыздарға қатысты ғұламалардың ойы сан алуан: бірі аталғандардың келісімі маңызды емес, олардың атынан әкесі шешеді десе, енді бірі олар келісімді өздері беруге тиіс дейді.
Мұхаммед сахабалары өз қыздарын ерте жасында тұрмысқа берген. Әл-Асрамның айтуынша: Қудама ибн Мазғұн Әз-Зубайр ибн әл-Аууамның жаңа туған қызына үйленген, ал Әли ибн Әбу Талиб кәмелетке толмаған қызы Умм Гүлсімді Омар ибн әл-Хаттапқа тұрмысқа берген.
Жыныстық қатынас Жыныстық қатынас тек неке құрғандарға рұқсат етілген, ал некеге дейінгі секс үлкен күнә боп саналады. Зинақорлық қылған бұған дейін үйленген болса, өлім жазасына кесілген, ал бойдақ болса, көптің алдында дүре соғып, қоғамнан қуған. Десе де бұл жаза түрлері ер адамның жыныстық мүшесі әйелдің қынабына кіргені дәлелденгенде ғана қолданылады.. Сондай-ақ шариғатта пәк қыздарды өлім жазасына кесуге тыйым салынған.
Міндетті ережелер Мұсылман ерлі-зайыптыға бір-бірінің алдындағы міндеттерін Мұхаммед пайғамбардың өзі бұйырып, белгілеген. Оған сәйкес ер адам өз әйелімен жыныстық қатынасқа кемінде төрт айда бір рет түсуі керек (ері сапарда не түрмеде болмаса). Ал егер ер адамның бірнеше әйелі болса, әр әйелімен теңдеу жатуы керек. Мұсылманның әйелінен бөлек күңі болса, әйеліне екі түн, күңіне бір түн бөлуі керек.
Секстегі жөн әрекеттер Міндетті ережелерден бөлек жөн әрекеттер де бар (мұстахаб). Ол әрекетті орындағандарға Мұхаммед сыйлық беруге уәде еткен, ал орындамағандарға күнә боп есептелмейді. Мәселен, секс кезінде бүркенгендері жөн, ал қатынас алдында дәрет не ері тағы да жыныстық қатынасқа түскісі келсе, ғұсыл алуына болады. Жыныстық қатынас алдында мына дұғаны оқу керек:
транск. Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на
Әйелді қандыру Әбу Хамид әл-Ғазали пікірінше жыныстық қатынасқа түсу үшін қос тарап та оны қалап, келісуі керек. Діндар ер адам өзі қанып, ал әйелі қанбаған болса, «бұл әйелге теріс әсер етіп, сезімнің сууына алып келуі, тіпті жеккөрініштің пайда болуына алып келуі мүмкін» деп есептеген. Әйелдің толықтай қануы қажет екені жайлы имам әл-Ғазали быйлай дейді: «Ер адам төрт әйел ала алатынын ескерсек, ол кем дегенде төрт күнде бір рет әйелімен қатынасқа түсуі керек. Жұбайы алдындағы адалдық — ер адамның міндеті. Ері әйелінің сексуал қажеттілігін қандыра алмаса, жұбайы алдындағы адалдығы күмәнді болады.».
Алғашқы неке түні Алғашқы неке түні ері жарына тәттілер (мысалы: бал), рұқсат етілген сусын (сүт пен татымдық) бергені жөн (мұстахаб). Асма бинт Жәзит Айша Мұхаммед пайғамбарға алғаш келген түні, ол оған сүт бергенін жеткізген.
Интим қатынасқа түспес бұрын ері жарының маңдайына қолын қойып, пісмілдә деп, келесі дұғаны оқуы керек:
транск. Аллаһуммә инни әс’әлука мин хайриха уә хайри ма жабәлтаха алейх, уа ағзу бикә мин шарриха уә шарри ма жабәлтаха алейх.Бұл хадисті әл-Бухари өзінің «әфъал әл-Ибад» кітабында (77-бет), Әбу Дәуіт (1/336), Ибн Маджа (1/592), әл-Хәкім (2/185), әл-Байхаки (7/148) мен Әбу Жала «әл-Мұснат» (308/2) еңбегінде жеткізген.
Осыдан кейін жас жұбайлар екі рәкат намаз оқып, мына дұғаны айтуы керек:
транск. Аллахумма ба́рик ли фи ахли́ ва ба́рик ля́хум фийа́, Аллахумма-джма’ байнана́ ма джама́’та би-хайр, ва фа́ррик байнана иза́ фарра́кта иля́ хайр.
Әйел бұған дейін тұрмысқа шықпаған және пәк болса, жұбайы онымен алғашқы жеті түнді бірге өткізуге тиіс. Ал егер жаңа түскен қалыңдық бұрын тұрмыс құрған болса, онымен үш түн жатқаны жөн. Алғашқы түні де, алдағы түнде де жыныстық қатынасқа түспес бұрын ері жарын еркелетіп, сүйіп, ойнатуы керек.. Жыныстық акт кезінде ері өте жұмсақ әрі нәзік болуға тиіс..
Кей мұсылман халықтарында алғашқы неке түнінен кейін келіп түскен келіннің пәк болғанына дәлел көрсету қажет деп есептеледі. Бұл ислам әдебінде жоқ нәрсе және де шариғат бойынша оған тыйым салынады.. Алғаш неке құрған қалыңдық пәк болмай шықса, оны үйіне қайтарады..
Рұқсат етілген секс түрлері
Қынаптық секс Қынаптық (вагинал) секс рұқсат етілген жыныстық қатынас түрі боп есептеледі әрі ері әйелімен артынан да, алдынан да қынабы арқылы жыныстық қатынасқа түсе алады. Бұл жайында бірнеше хадисте айтылған. Жәбір жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбардың кезінде яһудилер ері әйелімен артынан қыныбы арқылы жыныстық қатынасқа түссе, баласы қыли боп туады деген әңгіме таратып жібереді, сол кезде мына аят түседі: «Әйелдерің сендердің егістіктерің. Ендеше, егісжайларыңа қалаған кездеріңде қалай барамын десеңдер солай барыңдар». Сол кезде Мұхаммед былай дейді: «Алдынан ба, артынан ба бәрі-бір, бастысы – қынапқа»Бұл хадисті әл-Бухари (8/154), Муслим (4/156), ән-Насаи «Ишрат ән-Ниса» кітабында (76/1-2), Ибн Әбу Хатим (39/1 — «Махмұдия» жазбасы) — тік жақшалы қосымшаны айтқан, әл-Бағауи «Хадис Әли ибн әл-Жаад» (8/79/1) шығармасында, әл-Жүржани (293/440), әл-Байхаки (7/195), Ибн Асакир (8/93/2) мен әл-Уахиди (53-бет) жеткізген. Соңғысы былай дейді: «Бірде Шейх Әбу Хамид ибн әш-Шарки: „Бұл жүз хадиске татитын ұлы хадис“» деген екен..
Орал секс
Исламда орал сексіне қатысты түрлі тұжырым бар. Бұл секс түрі Құранда да, сүннетте де аталмаған, сол себепті кей діндарлар "тыйым салынбағанның бәрі рұқсат етілген" қағидасы бойынша оны рұқсат етілген деп есептейді (мубах). Орал сексімен айналысқан жұп тек ынталандырумен шектелмесе, әйел аузына ердің былазығы () не шәуеті, не болмаса сәйкесінше әйелдің жыныстық безінен шыққан бөлінді түсуі мүмкін. Ғұламалар әйелдің жыныс безінен бөлінген сұйық нәжісат болмайды деген тоқтамға келген, ал шәует жайлы бір тоқтамға келмеген. Имам әш-Шафиғи мен Ахмад ер шәуетін таза (таһир) десе, имам Әбу Ханифа мен Мәлик бұл тұжырыммен келіспеген.
Дереккөздер
Санат:Шариғат Санат:Исламдағы отбасы құқығы Санат:Исламдағы жыныстық қатынас