Лаутаро Хавьер Мартинес (; 1997 жылы 22 тамызда туғанhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/406625, Баия-Бланка, Аргентина) — аргентиналық футболшы, "Интернационале" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы.

Үш дүркін Италия чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы.

Мансабы Клубтық 2015 жылы "Расинг Авальянеда" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. Футболшының нәтижелілігі өте жоғары болды да (екі маусымда Аргентина чемпионатында 48 кездесуде 22 гол соқты) еуропалық клубтардың оған деген қызығушылығы пайда болды.

2018 жылы жазда "Интернационалеге" ауысты. Трансфер құны 25 млн. еуроға бағаланды. 2019 жылы отандасы Мауро Икарди футбол төңірегіндегі жанжалға байланысты клубтан кетті де, Лаутаро негізгі құрам ойыншысы атанды. Ал команда бапкері боп Антонио Конте келген соң негізгі құрамға біржола орнықты.

Ұлттық құрама 2017 жылы жастар арасындағы Америка кубогына қатысып, алты кездесуде алаңға шықты.

2018 жылы 27 наурызда Испанияға қарсы жолдастық ойында Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.

2019 жылғы Америка кубогына қатысып, төрт кездесуде екі доп соқты.

Жетістіктері

Командалық

УЕФА Еуропа лигасының финалисі: 2019/20 Әлем чемпионаты: 2022 Америка кубогы: 2021, 2024

Жеке

Жастар арасындағы Америка чемпионатының үздік мергені: 2017 (5 гол)

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Расинг Авельянеда ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Футболдан әлем чемпиондары