Серхио Регилон Родригес (; 16 желтоқсан 1996 жыл, Мадрид, Испания) — испаниялық футболшы, "Тоттенхэм" клубының қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық "Реал Мадрид" клубының түлегі. 2015 жылы жазда ойын практикасын жетілдіру үшін "Логроньеске" ауысты. 2017 жазда "Реалға" қайта оралды. 2018 жылы 2 қазанда ЦСКА-ға қарсы УЕФА Чемпиондар лигасында негізгі құрамда тұңғыш рет алаңға шықты.

2019 жылы "Севильяға" бір маусымға жалға берілді. 2020 жылы УЕФА Еуропа Лигасы жеңімпазы атанған соң, мадридтік клубқа қайта оралды.

2020 жылы қыркүйекте "Тоттенхэмге" ауысты. Келісім шарт мерзімі 2025 жылға дейін.

Ұлттық құрамы Испанияның 17, 19 жастағы құрамаларында ойнаған. Жетістіктері Реал Мадрид Клубтар әлем біріншілігі: 2018 Севилья УЕФА Еуропа лигасы: 2019/20 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Испания футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Логроньес ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары