Ханс-Дитер «Ханси» Флик (; 24 ақпан 1965https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/87946, Гейдельберг, Баден-Вюртемберг, Герман Федеративтік Республикасы) — германиялық футболшы, жартылай қорғаушы, бапкер. Барселона клубының бапкері.
Карьерасы Карьерасын 1983 жылы "Зандхаузен" клубында бастап, кейін "Бавария", "Кельн", "Бамменталь" клубтарында доп тепті. 1996 жылы бапкерлікке кірісті.
2014 жылы Йоахим Левтің ассистенті ретінде әлем чемпионы атанды.
2019 жылы қараша айында Нико Ковачтың орнына "Бавария" клубының бас бапкері боп тағайындалды. 2019/20 жылғы маусымда мүмкін болған кубоктың бәрін ұтты (Германия чемпионаты, кубогы, суперкубогы, Чемпиондар лигасы, УЕФА суперкубогы, клубтары чемпионаты).
2021 жылы Германия құрамасынының бас бапкері боп тағайындалды.
Жетістіктері
Футболшы ретінде «Бавария»
Германия чемпионы (4): 1984/85, 1986/87, 1988/89, 1989/90 Германия кубогы: 1985/86
Бас бапкер ретінде «Бавария»
Германия чемпионы: 2019/20, 2020/21 Германия кубогы: 2019/20 Германия суперкубогы: 2020 УЕФА Чемпиндар лигасы: 2019/20 УЕФА суперкубогы: 2020 Клубтар әлем чемпионаты: 2020
Бапкер ассистенті ретінде Германия құрамасы
Әлем чемпионы: 2014
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Германия футболшылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Хоффенхайм ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК жаттықтырушылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Барселона ФК жаттықтырушылары